• 14 мая, 2024 5:31 дп

ШЫМКЕНТ: БАҚ ӨКІЛДЕРІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Автор:admin

Ноя 5, 2022

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бірінші —   «Аялы алақан» №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысымен танысты. Орталық — арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж психоневрологиялық ауытқулары бар тірек- қимыл аппараты бұзылған үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға қызметтер көрсетеді. Қазіргі таңда орталықта 110 қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері көрсетілуде. Шымкент қаласындағы отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесімен тікелей айналысатын бірегей мекеме — «Бақытты жанұя» орталығы. Журналистер пресс-тур барысында аталған мекеменің жұмыс барысымен танысты. Орталықтың мақсаты – қиын жағдайға тап болған әр-бір отбасыға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек, сонымен қатар, отбасы институтының дамуына жан-жақты қолдау көрсету. Мекеме жалпы 20 бағыт бойынша қызмет алушыларға көмек көрсетсе, биыл жыл басынан қысқа мерзімді тегін оқу курстарынан 600-ден аса ана өткен. Бүгінгі таңда, қала бойынша 37 014 адамға (ақпараттық қолдау, психологиялық, медиаторлық, құқықтық кеңес беру, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй кезегіне тұру, Еqov.kz порталы арқылы құжаттарды тапсыру немесе алу қызметтері, aleumet.egov.kz сайты арқылы азық-түлік себеттеріне тіркелуіне және т.б.) қызмет көрсетілді. Тәуелсіздік алған 30 жыл ішін­де біз әлеуметтік даму арқылы орасан зор жолдан өттік. Алғашқы жылдары бұл жол кедей­лік пен жұмыссыздық про­б­ле­маларының шиеленісуімен ерек­­шеленді. Мемлекеттік ресурс­тардың тапшылығынан әлеуметтік қорғауға жұмсалатын қаражат жетіспеді. Әлеуметтік төлемдерді алу­шылар саны төмендеп, әлеу­мет­тік жәрдемақылардың нақ­ты мөл­шері азайды. Алайда күрделі жағдайларға қара­мастан халықтың өмір сүру дең­гейінің төмендеуіне жол бермеу және оларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау бойынша бірқатар шара қабылданды, ұзақ мерзімді әлеуметтік басымдықтар қалыптасты. Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстанды әлеуметтік мемлекет деп жариялады. Барлық қазақстандықтың денсаулығы, білімі және әл-ауқатының өсуі – «Қазақстан-2030» Стратегиясының ұзақ мерзімді негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалды. Өмір сүру сапасын жақ­сарту, ең алдымен, халықты әлеуметтік қорғаудың тиісті моделін құруды талап етті. Сол кездің өзінде, яғни республика экономикасының қалыптасуының күрделі кезеңінде еліміз қиын сәттерден сәтті өтті. Ел алдында мынадай таңдаулар тұрды: неғұрлым сенімді, бірақ ең төменгі әлеуметтік игіліктерді көздейтін бұрынғы жүйені сақтау, не қандай қиыншылықтарға тап болатынын түсіне отырып, әлеуметтік салада түбегейлі өзгеріс жасау керек болды. Біз нарықтық экономика жағдайларына сәйкес келетін әлеуметтік қорғаудың жаңа моделін құру бағытын таңдадық. Жаңа модель: жаңа мемлекеттік әлеуметтік стандарттарды әзірлеуді және енгізуді; еңбек қатынастарының қазіргі заманғы жүйесіне көшуді және әлеуметтік әріптестікті дамытуды; жұмыспен қамту схемасын реформалауды; көпдеңгейлі зейнетақы жүйесін белгілеуді; заттай жеңілдіктерді монетизациялауды; еңбек­ақы төлеуді реформалауды; мемлекеттік әлеуметтік жәрдем ақылардың негізгі түрлерін енгізуді; атаулы әлеуметтік көмек енгізуді қамтамасыз ету. Өткен жылдардың қорытындылары жаңа модель өзінің өміршеңдігін дәлелдегенін және халықаралық сарапшылардың жоғары бағасына ие болғанын көрсетіп отыр.

Jsk ақпарат

Автор: admin