• 28 апреля, 2024 5:33 пп

ШЫМКЕНТ: «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ ШЫҚТЫ

Автор:admin

Ноя 5, 2022

«Бақытты отбасы» бағдарламасының нәтижесі baspana.kz маркетінде азаматтардың жеке кабинетіне шықты. Отбасы банкі жариялаған ақпараттарға сәйкес қатысушылардың төлм қабілеттігін бағалау ағымдағы жылдың 07-30 қараша аралығында жүргізіліп, азаматтардың тұрғын үйді таңдау кезеңі ағымдағы жылдың 8 желтоқсанынан басталады. Іріктеу мерзімі аяқталған соң банк іректеуге арналған құжаттарды қабылдамайды. Аталған тұрғын үйлер Шымыкент қаласының Арғынбеков және Тұран шағын аудандарында орналасқан. 2022 жылы Шымкент қаласына «Бақытты отбасы 2-10-20» бағыты бойынша жалпы саны 472 отбасына оның ішінде көпбалалы отбасылар-245 , мүгедек бала асыраушы отбасылар-187, толық емес отбасыларға- 40 лимит бөлінді. Аталған бағыт бойынша өтінім тапсыру 20 маусымнан бастап «Отбасы банк» АҚ –ның интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырылған болатын. Енді «Бақытты отбасы» бағдарламасының қатысушылары таза әрлеудегі әкімдіктің тапсырысымен салынған үйлерді алады. Әлеуметтік тұрғын үй 3-4 жайлылық класына сәйкес келетін және пәтердің ең үлкен ауданы 80 шаршы метрге дейін қарастырылған. «Бақытты отбасы» бағдарламасы Әкімдіктің баспана кезегінде тұрған адамдар тағы бір бағдарламаға қатыса алады. Ол — «Бақытты отбасы». Бірақ оған тек үш санатқа кіретін азаматтар ғана құжат тапсыра алады: 1.көпбалалы отбасылар; 2.толық емес отбасылар; 3.мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылар. Ипотека 2 процентпен рәсімделеді. Ең төменгі бастапқы жарна – 10%. Несие 18 жылға дейін беріледі. Бірақ қарыз сомасы бойынша шектеулер бар. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау мен Атырауда алынатын ең қымбат баспана құны 15 миллион; Басқа аймақтарда пәтердің ең жоғары бағасы 10 миллион. Осы ақшаға жаңадан салынған үйден де, ескі үйден де пәтер сатып алуға болады. Жеке тұрғын үй рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылған. Екі проценттік ипотека тек мұқтаж адамдарға ғана беріледі. Сондықтан табысқа қатысты талап бар. Оған сәйкес, соңғы алты айда әрбір отбасы мүшесінің бір айлық табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің (36 018 теңге) 3,1 еселенген шамасынан аспауға тиіс, яғни, әрбір мүшесіне келетін табыс 111 655,80 теңгегеден артық болмауы шарт. Ал отбасыда алты адам болса, бір айлық табыстың мөлшері 663 934 теңгеден асып кетпеуі керек. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан тұрғындарды үймен қамтамасыз ету шараларын кешенді жобалау шарттары жүзеге асырылуда. Мемлекет халық үшін атқарылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларды кезең-кезеңімен іске қосып, бүгінде өз нәтьижиесін беруде.
Jsk, ақпарат

Автор: admin