• 19 мая, 2024 9:56 пп

Шымкент: Биыл Абай ауданы 100 пайыз электр жарығымен қамтылады

Автор:admin

Окт 13, 2023

Шымкент қаласы Абай ауданындағы 27 елдімекеннің 25-і мемлекеттік электр жарығымен қамтылған. Биыл Шымкент қаласы, Абай ауданы 100 пайыз электр жарығымен қамтылады. Бұл туралы Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов брифинг барысында мәлімдеді. «Абай ауданың аумағындағы 34 елді мекеннің 31-і (96%) мемлекеттік электр жарығымен қамтылып отыр. Ал қалған 3 елді мекен (4%) жеке меншік трансформаторларды пайдаланады. 2021 жылы 5 елді мекенді (Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл, Ақжар) электр жарығымен қамту үшін жалпы 7,2 млрд. теңгеге жоба жасылып, ағымдағы жылы 5,2 млрд теңге бөлінген. 2023 жылы 3 елді мекеннің (Нұршуақ, Батыс, Жаңаталап) құрылыс аяқталып, сапалы электр жарығымен қамтылып, аудан аумағы 100 пайыз электр жарығымен қамтылатын болады», — деді аудан әкімі. Спикердің сөзінше, аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 33-і сапалы ауыз сумен қамтылып, 97%-ды құрап отыр. 2023 жылы 5,2 млрд.теңгеге 1 жобаның (Құрсай, Арғымақ) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін құрылыс жұмыстары аяқталып, елді мекендер сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Ауданның 8 елді мекені 115,9 мың адам (36,0%) орталықтандырылған кәрізбен қамтылған, қалған 26 елді мекен 207,0 мың адам (64,0%) кәрізбен қамтылмаған. Ал 2025 жылға дейін 59 пайыз орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтылады деп күтілуде. Сонымен қатар, аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 24 елді мекені (73,5%) табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 10 елді мекен қатты отынды пайдалануда. 2021 жылға дейін аудандағы 71 көше жарықтандырылған болатын. Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 111 (30) көшеге жарықшам орнатылды. 2023-2025 жылдары жарықтандырлған көше саны 259-ға жетеді. Айта кетейік, 2023 жылы 56 шақырым жол пайдалануға берледі. Жалпы 39 жобаға құны 2,4 миллиард теңге қаралған. Сондай-ақ, Асар-2 шағын ауданының 70 пайызы, Қайнарбұлақ тұрғын алабының 24%-ы электр жарығымен қамтылған. Бұдан бөлек, аудан аумағында табиғи газбен қамту көрсеткіші де артып келеді. Атап айтатын болсақ, Абай ауданы аумағы бойынша 27 елді мекеннің 20-сы табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 7 елді мекен қатты отынды пайдалануда. 2023 жылы 3 елді мекенге яғни Асар-2, Қайнарбұлақ, Нұршуақ мөлтек ауданына табиғи газ беріледі. Ал, 2024 жылы Ынтымақ-2 Қайнарбұлақ саяжайы, Бозарық жаңақұрылыс аумағы, Тәуелсіздікке 20 жыл аумағы табиғи газбен қамтылатын болады. 2024 жылы аудан бойынша табиғи газбен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді. Одан бөлек, Абай ауданы аумағында су басу және көлдеу қаупі бар 61 орын анықталған. Аталған су басу орындарын 2023 жылға дейін шешу жолы қарастырылуда. Оның ішінде 2022 жылы 7 мекенжайға ирригациялық жүйелер салынды. 2023 жылы 5 көшеге 68,4 миллион теңге қаралып, конкурс өткізілуде. 2023 жылға қосымша 9 көшеге 3,7 шақырымға 116,4 миллион теңге бюджеттік өтінім берілді. Сонымен қатар, 2024 жылы қосымша 18 көшеге ирригациялық жүйе орнату жоспарлануда. Айта кетейік, өткен жылы Абай ауданындағы 160 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 12,5 пайызға жетті. Биылғы жылы осы көрсеткішті арттыру мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 54 көшеге жарықшам орнату жоспарланып отыр. Нәтижесінде аталған көрсеткіш 13,6 пайызға жететін болады. Сонымен қатар, 2024-2025 жылдары жарықтандырылған көшелер саны 410-ға жетеді.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin