• 29 марта, 2024 10:29 дп

ШЫМКЕНТ: АСАР-2 ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Автор:admin

Ноя 5, 2022

Шымкент қаласының Асар-2 елді мекенін инфрақұрылыммен қамту жұмыстары былтыр аяқталып, 2700-ден астам абоненттің мәселесі шешілген болатын.  Алайда мыңға жуық үй жобадан тыс қалып, сапалы ауыз су, электр қуаты мен табиғи газға қосылмай қалған. Қазіргі таңда осы мәселенің түйіні тарқатылып, халықтың өтініші орындалуда. Асар-2 елді мекеніндегі қалған аумақты сапалы ауыз сумен қамту бойынша құрылыс толық аяқталды. Биыл жасалған жұмыстар нәтижесінде 53 шақырым су құбыры жүргізілді. Ескерер жайт, мердігер мекеме ауыз су құбырын тұрғындар үйінің есік алдына дейін жеткізіп береді. Ары қарайғы жұмыс, яғни үй ішіне кіргізіп, оны қосу әр үй иесінің жеке жауапкершілігіне жүктеледі. Абоненттеу жұмыстары үшін қажетті құжаттарды «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК-ға  өткізу керектігін хабарлаймыз! Қазақстанның су шаруашылығы басқармасының алдына мынадай міндеттер қойылған: халықты және экономиканы сумен жеткілікті көлемде және сапада қамтамасыз ету.  Су ресурстарының әлеуетті тапшылық тәуекелін азайту үшін ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте және коммуналдық секторда суды үнемдеу бойынша шаралар әзірленеді және енгізілетін болады. Ол үшін: ауыл шаруашылығында суару және дренаж жүйелері қалпына келтіріледі, суарудың заманауи су үнемдеу технологиялары пайдаланады (мысалы, тамшылатып суару, жаңбырлатып суару және т.б.), қалдықсыз культивация сияқты жерді өңдеудің су үнемдеу технологиялары енгізіледі, коммуналдық шаруашылықта су беру, сондай-ақ су бұрудың коммуналдық желілері жаңғыртылады, бұдан басқа су тазалау және ағын суларды өңдеу жүйелері реконструкцияланады, өнеркәсіпте су үнемдеу технологияларының үлесі арттырылады, екінші қайтара су тазалау, сондай-ақ айналма сумен қамтамасыз ету бойынша қуат ұлғайтылады. Шығындарды азайтудың ең маңызды рычагы магистраль арналары, су резервуарлары, плотиналар сияқты су инфрақұрылымының ірі объектілерін реконструкциялау бойынша іс-шаралар болып табылады. Аталған іс-шараларды іске асыру үшін су шаруашылық және гидромелиоративтік объектілердің барлығына көпфакторлы тексеру жүргізіледі   Қолжетімді су ресурстарының төмендеуін болдырмау үшін барлық іргелес мемлекеттермен трансшекаралық сулар бойынша келісімдер жасалады, сондай-ақ көпжылдық қолжетімді су қорларын ұлғайту үшін жаңа инфрақұрылым объектілерін салу бойынша іс-шаралар іске асырылады. Сондай-ақ суы тапшы бассейндерге су ресурстарын жіберу және жаңғыртылатын су асты көздерін пайдалану бойынша үнемді техникалық шешімдер әзірленеді. Энергия тиімділігін арттыру. 2050 жылға қарай баламалы энергия елде өндірілетін барлық энергияның жартысын құрауы тиіс. Энергия тиімділігін  және энергияны үнемдеуді арттыруда мамандандырылған энергосервистік компанияларға (бұдан әрі – ЭСКО) маңызды роль берілетін болады.

Jsk ақпарат

Автор: admin