• 29 марта, 2024 1:12 пп

ШЫМКЕНТ: МАҚСАТ – САЙЛАУДЫҢ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫНА САЙ ӨТУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Автор:admin

Ноя 5, 2022

Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы ОҚУ-да ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерманның қатысуымен 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу туралы семинар-кеңес өтті.  –Бүгінгі семинар-кеңес Орталық сайлау комиссиясы бекіткен жоспардың аясында өтіп жатыр. Тап осындай кездесулер орталық сайлау комиссиясы басшылығы және өкілдерінің қатысуымен барлық өңірлерде ұйымдастырылады. Мақсатымыз – өңірлердің сайлауға дайындығын, соның ішінде сайлау комиссияларының дайындығын пысықтау, сайлау науқанының заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету. Республика бойынша 10 мыңнан астам сайлау комиссиясы бар және олардың құрамында 70 мыңдай адам жұмыс істеп жатыр, – деді Мұхтар Тілдәбекұлы.  Семинар-кеңес барысында Шымкент қаласындағы құзырлы органдар мен жауапты салалық басқармалардың басшылары сайлауға дайындық барысы туралы баяндады.  Айта кетейік, Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, қаламызда 317 сайлау комиссиясы құрылған. Оның 5-еуі аумақтық сайлау комиссиясы болса, қалған 312-сі учаскелік сайлау комиссиясы. Шымкент қаласында дауыс беру құқығына ие 634 818 азамат бар. Бұл қаланың жалпы халқының 56,6 пайызын құрайды. Президент ақпараттық тұрғыдан жеңілгенімізді айтты. Кез келген әлеуметтік процестер, соның ішінде саяси процестер коммуни­катив­тік кеңістікте жүзеге асады. Саяси тұрғыдағы ақпарат қарым-қатынас негізі ретінде ғана емес, соны­мен бірге саяси басқару құра­лы ре­тінде де қолданылады. Сондықтан билік саяси коммуникация­ны басқарудан жеңіліс тапса, ха­лық шы­найы ақпарат алмасудан ұтылды. Президент сөзінен белгілі болғандай, кадрлар толығымен ауыспайды және саяси сахнада кадрлар тапшылығы бар. Кадрлар тапшылығының туындауы мемлекеттік қызметте жүктелген жұмыс­тардың көптігінен туындайтын бірқатар қиындық болуы мүмкін. Бұл жұмыстың да сапасына әсер етеді. Дегенмен еліміздің барлық саласында білікті және жұмысын сапалы орындайтын кадрлар тапшылығы барын мойындауымыз қажет. Халықта толығымен саяси сауаттылық пен саяси мәдениет қалыптасты деп айту әлі ерте сияқты. Бірақ халық жаңа тағайындалған шенеуніктердің өткен өміріне, қызметіне қарайды. Міне, осы өткен өмір олардың имиджі, бейнесі болып табылады.

Jsk ақпарат

Автор: admin