• 29 марта, 2024 8:06 дп

ШЫМКЕНТ: БІЗ ЖҰЛДЫЗ БОЛЫП ЖАНАМЫЗ!

Автор:admin

Ноя 5, 2022

Шымкентте қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы және «Халқыма тағзым» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығында мүмкіндігі шектеулі талантты жастардың арасында шығармашылық кеш өтті. Кеш аясында  келушілер жас қолөнер шеберлерінің көрмесін де тамашалады. Жобаның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жастарға кедергісіз орта қалыптастыру, өмір сүру сапасын арттыру және өмірдің барлық салаларында қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу. Жалпы осыған дейін  аталмыш іс-шаралар кешені аясында жастарға арналған арнайы мемлекеттік бағдарламалар мен кәсіпкерлікті меңгеру бойынша курстар, қаланың көрікті жерлері мен мәдени мұражайларға экскурсия жасау, үстел теннисі және шахматтан турнир және жас қолөнер шеберлерінің көрмесі өткізілген болатын.  Бүгін осы іс-шаралар қорытындыланып, жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар марапатталды.  Жиында сөз алған Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов еліміздегі азаматтарды мүмкіндігі шектеулі деп бөлмей, барлығына бірдей қолдау көрсетілетінін атап өтті.

– Шымкент қаласында жастардың сапалы білім алуына, шығармашылықпен айналысып, мүмкіндіктерін толық ашуына барынша жағдай жасалып келеді. Өнер-білімге жаны құштар жастардың қоғамдық өмірге белсене араласуына осындай іс-шаралардың тигізер көмегі көп. Сонымен қатар, риясыз көңілмен өнерлерін паш еткен ерекше жастарға ризашылығымды білдіремін, — деді М.Шотанов.  Ал ерекше жас шеберлердің қолынан шыққан көрмеге қойылған бұйымдар көпшілікті тәнті етті. Кеш соңы концерттік бағдарламамен жалғасты. Жолдауларында жас ұрпақты білімді, мәдениетті, денсаулығы мықты, бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеудің жолдары көрсетіледі. Нәтижесінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша мыңдаған жас шетелдерден білім алып, Қазақстанның дамуына өз үлесін қосуда. Қазір де жүздеген жас шетелдерде білім алуда. Оған қоса биыл Жастар жылы болып жарияланды. Бұл жыл аясында жастардың еңбек нарығына сай мамандық таңдап, сапалы білім алуына, жұмысқа орналасуына, баспаналы болуына барынша жағдай жасалмақ. Осы қадамдардың барлығы да олардың өмір сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Жастар жылын өткізу жөніндегі Жол картасы бойынша 80-нен астам іс-шараға 130 миллиард теңге жұмсау болжанып отыр. Жұмыссыздықты азайту мақсатында «Жас маман», «Жас кəсіпкер» бағдарламаларын жүзеге асыру қарастырылып, қажетті 100 мамандық бойынша мамандарды даярлау жоспарлануда.

Jsk ақпарат

Автор: admin