• 6 мая, 2024 5:35 дп

Шымкентті инженерлік инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету бойынша

Автор:admin

Ноя 10, 2023

Шымкентті инфрақұрылыммен қамту жұмыстары 2025 жылы шешілетін болады. Бұл туралы қала әкімдігі Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен есеп беру кездесуінде хабарлаған болатын. Оған 300 – ден астам адам-аудан тұрғындары, басқарма басшылары, Қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары және БАҚ өкілдері қатысты. Есеп беру кездесуі әкімдіктің Instagram-дағы ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді. Қала басшылығы әлеуметтік-экономикалық даму және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың барысы туралы хабардар етті. Атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе, ол есепті кезеңде оң көрсеткіштер бар екенін атап өтті. “Қаланы инженерлік инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету жұмыстары 2025 жылы шешілетін болады. Кәріз жүйесімен қамту 75 пайызды құрайды. Тұрғындардың әр кездесуде көтеретін проблемалары инфрақұрылымға байланысты. Аудандарда қоғамдық бақылау кеңестері құрылды және тұрақты жұмыс істейді. Бұл жұмыс жалғасады”, – деді әкімдік өкілдері. Әл-Фараби ауданының басшысы Рашид Мыңбаев биылғы жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Кездесуде тұрғындар инфрақұрылым, тұрғын үй, аулаларды абаттандыру, жол инфрақұрылымын дамыту мәселелерін көтерді. Қала әкімдігінің салаға жауапты басшылары әр тұрғынды тыңдап, тиісті салалардың басшыларына нақты тапсырмалар берді. Ол денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, Инфрақұрылым, балалар ойын алаңдары, қоқыс шығару, заңсыз құрылыс салаларында 30-дан астам сұрақтарға жауап берді. Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері қала басшысы 125 кездесу өткізді, көтерілген 1020 мәселенің әрқайсысы жеке хаттамаға енгізілді, оның орындалуы ерекше бақылауға алынды. Нәтижесінде бүгінгі күнге дейін 500-ге жуық мәселе шешілді, 377-сі жыл соңына дейін шешіледі, ал 195-і 2023-2025 жылдарға арналған жоспарға енгізіледі. Он айда 12 рет жеке қабылдау өткізіліп, онда 1200-ден астам азаматтың сұрақтары тыңдалды. 2341 сұрақтың 760-ы нақты шешімдер тапты, 1476-сы орындалады, қалған мәселелер заң талаптарына сәйкес шешілетін болады. Кездесу соңында хаттамаға енгізілген мәселелерді шешу бойынша заң аясында жан-жақты жұмыс жүргізілетінін атап өтіп, қоғамдық мәселелерді шешуде белсенділік танытқан тұрғындарға алғысын білдірді.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin