• 20 апреля, 2024 1:10 пп

Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері!

Автор:admin

Май 2, 2023

Шымкент қаласының экономикасының өсуі ішкі факторларды бағдарлаумен ішкі және сыртқы сұранысқа, кәсіпорындардың меншікті қаражаты мен шетелдік инвестициялар есебінен инвестициялардың өсуіне, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға негізделетін болады. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіпте жаңа өндірістік қуаттарды енгізу, Индустрияландыру картасы шеңберінде іске асырылған жобалардың жобалық қуатына шығу және қала экономикасының өсу резервін тиімді пайдалану өнеркәсіптік өнім көлемін ұлғайтуға ықпал ететін болады. Қалада индустриялық аймақтардың болуы экономикалық өсудің қазіргі заманғы құралдарының бірі ретінде қолайлы инвестициялық климат және салықтық преференциялар жолымен өңірдің әлеуетін едәуір арттырады, бұл отандық және шетелдік инвесторларды тартады. Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында айқындалған 2025 жылға қарай нысаналы индикаторларға қол жеткізуге жәрдемдесетін болады. «Оңтүстік» АЭА кеңейту жобасы аясында жеңіл өнеркәсібі, мұнай химия және машина жасау салаларында 50-ге жуық жоба жүзеге асырылады. Алаңы 306 га жаңа «Жұлдыз» индустриялық аймағы құрылып, 60 жоба іске асырылатын болады.  Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2 агро-индустриалды аймағы іске қосылады. Қаланың 2021-2025 жылдарға арналған дамуы Қазақстан Республикасының  2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамындағы 2025 жылға айқындалған индикаторларға қол жеткізуге септігін тигізеді. Жалпы өңірлік өнімнің НКИ 2020 жылғы 98,9% — дан 2025 жылы 104,1% — ға дейін ұлғаюы күтілуде.  ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп өнімінің көлемі 98,4% — дан 103,2% — ға дейін өседі. Дағдарыс, әлемдік нарықтың тұрақтамауы салдарынан және 2020 жылғы бағалау бойынша 2021-2025 жылдарға сауда, байланыс және қызмет көрсету саласы өсуінің аз қарқыны болжамдануда. Мәселен, сауда, байланыс және қызмет көрсетудегі нақты көлем индекстері орта есеппен 3-3,4% — ға артуы күтілуде. Ұзақ мерзімді кезеңде инфляция деңгейінің төмендеуі орта мерзімді кезеңде оның деңгейін 3,4% дәлізде ұстап тұруға ықпал ететін болады. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру жұмыссыздық деңгейін 4,9% дейін төмендетуге ықпал ететін болады.  Жаңа өндірістер ашумен жұмыс орындарын құру, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санын төмендету арқылы жұмыспен қамтылған халықтың көбеюі күтілуде.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin