• 1 мая, 2024 9:57 пп

Шымкент өнеркәсібін өрге жетелеу, экономиканың дамуына берген ықпалы!

Автор:admin

Май 1, 2023

Бүгінде Шымкент қаласының әл ауқаты, экономикалық дамуы Республиканың күн тәртібінен түскен емес, Оңтүстіктегі ең үлкен ірі аглемерациялы қаланың даму перспективасы әрине экономикасының ықпалды дамуымен де байланысты. Макроэкономика мен микроэкономиканың біркелкі паралельді қалыптасуы Шымкент қаласының өнеркәсібін өрге жетелемесе, кейінге кетірмесі сқзсіз. Сондықтан қаладағы бизнес ошақтарының тұрақты дамуы Шымкент қаласының әкімдігінің жіті назарында екендігі сөзсіз. Қалада жасалатын өнімдер оның шығарылуы, үлестірілуі еліміздің ертеңін дамыту назарына әрқашан серпін бермек секілді. Сондықтан қаламыздың экономикасына әсер ететін факторлардың дұрыс бағытта дамуы экономикстер мен кәсіпкерлер үшін өте маңызды. Шымкентке құйылатын қаржының негізгі үлесі өнеркәсіп –22,8%, көтерме және бөлшек сауда –24,5%, Көлік және қоймалау –9,9%, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 9,9% алып отыр. Бұл дегеніміз көптеген кәсіпорындардың өндіріс қарқынының өсуі, жаңа қуаттардың енгізілуі және технологиялық процесті модернизациялау индустриялық сектордың орнықты дамуына дұрыс ықпал жасады дегенге саяды.Инвестиция көлемінің ұлғаюы қала қазынасына түсетін кірістердің көбеюуімен дамуына жұмсалатындығы тағы бар. Соңғы жылдары әлемдік экономика өте тез жылдамдықпен өзгерді. Бұл өзгерістер Шымкенткеде қз әсіерін тигізіп өтті. Әлем елдері дамуының біркелкі болмауынан әлемдік экономикада түбегейлі өзгерістерге орын алды. Соның арқасында әлемдік экономика, бір жағынан, өзінің симметриялық қалпын өзгертіп, көпполярлы болды, келесі жағынан, ол тепе-теңсіздік жағдайына түсті. Ал Қазақстандық моделдің дамуына еліміздің ірі мегаполистерінен түсетін қала трансферттерінің санының өсуіне әкелді. Мүны Президентіміз қз жолдауларында үнемі айтып отырады. Қала экономикасында өнеркәсіп саласының маңызы зор. Бұл салада жұмыс жасайтындардың үлесі барлық жұмыспен қамтылғандардың 13% құрайды, ал жалпы өнімдегі үлесі шамамен 22,8% дейін өсті. Бұл дегеніміз Қазақстанның экономикалық перспективасы Шымкентке де өз күшін беруде дегенге келеді.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin