• 24 апреля, 2024 12:33 пп

Шымкентте экономиканың негізгі секторы жаңарды!

Автор:admin

Май 1, 2023

Қазақстанның экономикалық әлеуеті бүгінгі таңда Орта Азия елдері ішінде көшбастап тұрған жетекші мемлекеттер қатарына енеді. Экономикасы мықты ел әрқашан инвестиция мен дамуға бейім келеді. Бұл өз кезегінде тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатының дұрысталуына өз септігін тигізеді. Шымкент қаласында б.гінде экономиканың негізгі секторлары қарқынды жұмыс жасауда. Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз. Елiмiзде рыноктық қатынастардың дамуымен байланысты рыноктың бәсекеге негiзделген түрлерi де орын алуда. Атап өтсек жетiлген бәсекелi рынок және монополистер мен олигополистер  баршылық. Осы орайда «Оңтүстік» АЭА аумағында 29,6 млрд.теңге құрайтын 15 жоба іске асырылды және табысты жұмыс істеуде, 1 610 жұмыс орны құрылды. Оның ішінде құны 1,3 млрд.теңге құрайтын 3 жоба іске асырылып, 80 жұмыс орны ашылды. «Оңтүстік» АЭА қатысушы кәсіпорындарымен өндірілген өнім көлемі 57,6 млрд.теңгені құрады, таяу және алыс шетелдерге 40,2 млрд.теңгенің өнімі экспортталды. Жұмыс істеу кезеңі ішінде бюджетке 4,0 млрд.теңге салық аударылды. Бұл көрсеткіш өспесе, кеміген жоқ. Яғни Шымкентте бизнесті дамыту жолдары мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жұмыс жасап жатқандығының көрінісі. Қаламызда поляк «Polpharmagroup», оңтүстік кореялық «Lotte», неміс «Heidelberg Cement Group», қытайлық «SinYuanSteel», түрік «Картал Хали» сияқты ірі шетелдік компаниялар белсенді жұмыс істейді. Оларды тұтынушы қала тұрғыындарының саны өсіп келеді, яғни бірлескен жобалар өз жемісін беріп жатыр. Сонымен бірге, қала аумағында шетелдік инвесторлардың қатысуымен 2,5 млрд.АҚШ доллар құрайтын 15 инвестициялық жоба іске асырылуда. Сонымен қатар, қала әкімдігімен 40-тан астам шетелдік инвесторлармен кездесулер өткізілді, нәтижесінде Ресей, Сингапур, Қытай және Нидерланды инвесторларымен келісті. Шымкент экономикасы мықты ең ірі мегаполистер санатына енуді көздейді.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin