• 20 апреля, 2024 4:59 дп

Шымкенттегі индустриалды аймақтар инвестиция тарту үшін тартымды!

Автор:admin

Май 1, 2023

Қай мегапаолис болмасын, өз индустриалды бизнес аймақтары болады. Біздің қаламызда бүгінде 3 индустриалды инновациялық аймақтар қарқынды жұмыс жасап тұр. Шымкентімізде жеңіл өнеркәсіптен бастап, қара темір, плассмас өнімдері, тамақ, химиялық сусабындарға дейін шығуда. Бұл өз кезегінде инвесторлар үшін тартымды, бәсекелестікке түсе алатын аймақтардың санын өсіруге ықпал жасайтындығын көре аламыз. Елiмiздегi экономикалық циклмен дамуы егемендiгiн алған жылдардан бастап құлдырау және соңында 1994-1995 жылдары дағдарыстың жоғары дәрежесi көрiндi. Ал 1996 жылдан бастап елiмiз экономиканың жандануы, инфляцияның төмендеуi, ЖIӨ-нiң өсуi сияқты крсеткiштер оң бағытта өсiп экономикалық  жандану және өсу сатысындамыз. Республикадағы экономикалық дағдарыстар ең алдымен оның терең тамыр жайып, қоғамдық өмiрдiң барлық саласына әсер етiуiмен сипатталады. Мұның өзi өндiрiс құлдырауының қаусап-күйреу кейпiнен, оның тиiмдiлiгiнiң күрт төмендеуiмен көрiнедi. Инвестициялық ахуалды және әлеуетті жақсарту, шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында қала аумағында 3 индустриялық аймақ және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы (АЭА) жұмыс істейді. Мұнда жеңіл, металлургия, химия, фармацевтика және құрылыс өнеркәсібінің өнімдері шығарылады. Индустриялық аймаққа бөлінген жер учаскелерінің жалпы көлемі 426 га құрайды. Индустриялық аймақтарда 63,8 млрд.теңге құрайтын 72 жоба іске асырылды, 4 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Индустриялық аймақтар құрылған күннен бастап бюджетке 13,4 млрд.теңге аударылды. Оның ішінде өткен жылы «Оңтүстік» ИА қатысушыларынан 3,3 млрд.теңге, «Тассай» ИА қатысушыларынан 648,1 млн.теңге аударды. Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметтi дамыту жоспарының қалыптасуы және оның дамуы негiзiнен елiмiздiң егемендiгiн алған жылдардан бастап бүгiнге дейiн жалғасуда. Кәсiпкерлiк қызметтi дамытудың алғашқы реформаларға Кеңес Одағы экономикасының негiзi экономиканы орталықтан басқару жүйесiн ыдыратып, меншiктiк қатынастарды дамыту болып табылады. Оның алғашқы қадамы мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру, яғни бұл кәсiпкерлiк ортаны қалыптастырудың алғашқы кезеңi едi.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin