• 18 апреля, 2024 3:49 дп

Шымкентте бөлшек сауда көлемі 381,6 млрд теңгені құрады!

Автор:admin

Май 1, 2023

Шымкент кәсіпкерлер қаласы. Мұнда істің көзін тапқан тұрғындар саны көптеп өсіп келеді. Экономиканың жан-жақты дамуына әсер ететін факторлардың бірі ол сауда-саттық саласы. Бүгінде қаламыз бұл салада оң жетістіктерге жетіп отырған аглемерациялы-экономикалық қала. Қала бюджетіне құйылатын милиардттаған қаржылардың бір бөлшегі осы саду-саттық саласына тиесілі. Бөлшек сауда көлемі 381,6 млрд.теңгені құрады, бұл қткен жылдың сәйкес кезеңінен 7,1% артық орындалып отыр. Яғни қаламызда экономиканы көтеруге атсалысатын саудагерлерідің саны өсті. Бағаны тұрақтандыру шаралары аясында азық-түлік және ауыл шаруашылығы тауарларының апта сайынғы жәрмеңкесі тұрақты түрде өткізілуде. Жыл басынан барлығы 208 жәрмеңке ұйымдастырылды. «Shymkent» ӘКК жанынан тұрақтандыру қорын қалыптастыру мақсатында 300 млн.теңге бөлінді. Қаражаттың бір бөлігі (100 млн.теңге) нанның бағасын тұрақтандыру үшін бірінші сортты ұн сатып алуға бағытталған. Рыноктың өрлеп, өркендеуi кәсiпкерлiктiң қызметтерiне айтарлықтай тәуелдi болады.  Әсiресе, шағын кәсiпкерлiк нарықтық экономиканың қайнар көзi болып табылады. Осы шағын кәсiпкерлiк арқылы көптеген әлеуметтiк – экономикалық мәселелердi шешуге болады.  Осы шағын кәсiпкерлiктi дамыту арқылы елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету,  халықтың негiзгi бөлiгiң жұмыспен қамту, яғни жұмыссыздық мәселесiн шешу,   қоғамда орта тапты қалыптастыру қызметтерiн атқарады. Қазақстан экономикасы өтiп кеткен 14 жылда ойдағыдай рынок экономикасын құрды. Экономиканы түпкiлiктi реформалауға бағыт ұстап, бiз қысқа мерзiмнiң iшiнде рыноктық фреформаларды жүргiзе бiлдiк, тиiстi рыноктық заңнамамызды жасауға қол жеткiздiк. Қаланың сауда базарларын заңнама нормаларына сәйкестендіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Қала аумағында 37 сауда базары жұмыс істейді, оның ішінде  24 – әмбебап, 13 – мамандандырылған. Қала аумағында «Бекжан», «Шымкент Тұлпар», «Ақбар», «Исатай» («Алатау» СҮ) және «Күлтай ана» сауда базарларын қайта құру аяқталды. Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда көлемі 519,2 млн.АҚШ долларын немесе 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейіне 98,2% құрады, оның ішінде экспорт тиісінше – 84,2 млн. АҚШ долларын немесе 82,9%, импорт – 435,0 млн. АҚШ долларын немесе 101,8%. ЕАЭО елдеріне экспорттың жалпы көлемінде 53,2% — Ресей Федерациясына, 42,7% — Қырғызстан Республикасына, 4% — Беларусь Республикасына тиесілі.

Jsk ақпарат

Автор: admin