• 20 апреля, 2024 11:43 дп

Шымкент қаласының бюджет саласы қалай дамиды?

Автор:admin

Май 2, 2023

Шымкент қаласы экономикасы тұрақтылықта дамып жатқан ірі мегполис. Мұнда кәсіпкерліктен бастап сауда-саттық саласы қарыштап дамуда. Қала бюджетінің кірістері өткен жылдармен салыстырғанда бірнеше есеге көбейген. Ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарламалардың қолдауымен қала бюджетіне тек мемлекеттік емес сонымен қатар инвестициялық салықтарда кіріп құйылуда. Бұл елеміздің ұлттық экономикасына әсер беретін жаңымды жаңалық екені баршамызға мәлім.  Бюджет саясаты мемлекеттік қаржының тұрақтылығын нығайтуға бағытталатын болады және бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру мақсатында қаражат тиімсіз бағдарламалардан әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруды қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарламаларға қайта бөлінетін болады. Қазақстан экономикалық, әлеуметттік және саяси жедел жаңару жолында» деген халыққа Жолдауында «Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуға тиіс. Біз бұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз. Бүгінгі ТМД елдері ішінде Қазақстанның Қаржы жүйесінің дамуы және жалпы экономикалық белсенділігі жағынан алғашқы орынды иеленді. Бұл өз кезегінде өткен жылдардағы экономикалық реформалардың, экономикалық жүргізілген саясаттардың, Қаржы жүйесін реформалаудың тиімді жүргізіліп, өз жемісін берудің кепілі деп түсінеміз. Ұзақ мерзімді перспективада салық саясатының міндеті салық әкімшілігін тұрақты жетілдіре отырып, икемді, ашық және қолайлы салық жүйесін құру болып табылады. Кірістердің болжамды жоспарының өсуін республикалық маңызы бар қала мәртебесін берумен байланысты мүліктік және жер салығы бойынша ставкалардың өсуі есебінен, салық салынатын базаны ұлғайту есебінен жаңа коммерциялық объектілерді пайдалануға беру және қолданыстағыларын қайта бағалау, акцизделетін өнімнің өндірістік бағдарламасын ұлғайту есебінен, сондай-ақ түсімнің басқа көздерін әкімшілендіру бойынша жұмыстарды жүргізу есебінен қамтамасыз ету жоспарлануда.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin