• 29 апреля, 2024 8:39 дп

Шымкентте шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша 4891 жоба қолдау тапқан!

Автор:admin

Июн 5, 2023

Жалпы Шымкентте шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау мақсатында 15,6 млрд. теңге қаржы бөлініп, 15,6 млрд. теңгеге4 891 жобаға қолдау көрсетілген. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы»(Бизнестің жол картасы-2025 бағдарламасы) шеңберінде жыл басынан 4 662 жобаға13,4 млрд. теңгеге қолдау көрсетілді. Одан бөлек, кәсіпкерлікті қолдау бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2022 жылға 1,3 млрд. теңге бөлініп, 1,3 млрд. теңгеге 129 жобағашағын несиелер берілді. Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мем­лекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға тұрақты негізде жұмыс жүргізіліп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс істеуіне жағдай жасалды. Атап айтқанда, несие алушыларға бизнес-жоспарлар әзірленіп, кәсіпкерлерге консалтингтік және басқа да көмектер көрсетілді. Осы жұмыстардың нәтижесінде аудан кәсіпкерлерінің несиеге қолжетімділігі артты. Сонымен қатар, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында республикада алғаш рет әкімдік тарапынан «Іскер қала»өңірлік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Өңірлік бағдарламаның негізгі бағыттары мен ерекшеліктері: шағын және орта бизнесті жеңілдетілген несиелендіру және тоқтап тұрған кәсіпорындарды жандандыру. «Іскер қала» іс-шара жоспары аясында 2022 жылға «Даму» қорымен бірлесіп жалпы 944 млн. теңге бөлінген. Іс-шара аясында 890,4 млн. теңгеге100 жобаға қолдау көрсетілді, оның ішінде 92 жобаға800 млн. теңгешағын несиеберілді және 57 млн. теңгегепайыздық сыйақы субсидияланды, 33,4 млн. теңгеге8 жобаның өндірістік алаңының жалдау ақысы өтелген. Сонымен бірге, мемлекеттік «Бизнестің жол картасы» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңбе­рінде «Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша 62 адам оқу курсынан өтті. Бағдарлама шең­берінде несиенің пайыздық ставкасын субси­диялау және ішінара кепілдендіру бойынша 15 жоба несиелендірілді. Сондай-ақ, бағдарламаның жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру компоненты бойынша 54 жоба қатысып, грантқа қол жеткізсе, «Даму-Аймақтар» бағдарламасы шеңберінде 5 жоба қаржыландырылды.

Jsk ақпарат

Автор: admin