• 15 мая, 2024 6:35 дп

Шымкенттің сауда көлемі осы жылға 2 300 млрд теңгені құрауы мүмкін!

Автор:admin

Июн 5, 2023

Шымкент Қазақстандағы сауда саласы дамыған мегаполистер қатарында. Еліміздің осы саладағы драйвері десекте артық айтпағанымыз шығар. Шымкент экономикасын дамыту шаралары мемлекеттік бағдарламалармен өте тығыз. Әр кәсіпкерге мемлекеттік қолдау тиімді. Сондықтанда кәсіпкерлерге қолдау шаралары қаламызда кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Себебі қаламызға келетін инвестицияның басты мөлшері осы салаға тиесілі. Яғни кәсіпкерлерді мемелекеттік деңгейде қолдау арқылы мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жұмыс жасауына әсер етеміз. Шымкентте өткен жылдардың қорытындысы бойынша қаланың жалпы сауда көлемі 2 057,4млрд.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,3 % артты.                    2023 жылға қаланың сауда көлемі 2 300 млрд.теңгені құрайды деп жоспарлануда, бұл өз кезегінде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,8 % артатын болады. Оның ішінде, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі саналатын бөлшек сауда көлемі 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша623,6 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,8% артты. Жылдық жоспар (540,0 млрд. теңге)15% аса орындалды. Ал, 2023 жылы яғни осы жылы қаланың бөлшек сауда көлемі 660 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,8% артуы жоспарлануда. Аталған көрсетішке жұмыс жасап тұрған 13 000 сауда нысандары (620 млрд.теңге), модернизация жұмыстарын жүргізіп жатқан 5 базар(10 млрд.теңге), «Gramad Retail» гипермаркетінің 20 жаңа сауда нүктелерінің ашылуы (15 млрд.теңге), «Magnum» супермаркетінің          2 жаңа сауда нүтелерінің ашылуы (2,5 млрд.теңге), жаңа 7 сауда орталықтарыныңіске асырылуы (9,1 млрд.теңге), 4 жаңа автокөлік салондарының құрылысы (2,5 млрд.теңге) және ірі супермаркеттердің ашылуы (900 млн.теңге) есебінен қол жеткізілетін болады.

Jsk ақпарат

Автор: admin