• 20 мая, 2024 9:30 дп

Шымкентте жол құрылысы қызып тұр

Автор:admin

Ноя 1, 2023

Шымкент – Қазақстан Республикасының көз ілестірмей дамып келе жатқан мегаполистерінің бірі. Қаламыз тоғыз жолдың торабында орналасқан. Мегаполис статусын алғалы шаһарымыз бес жылды артқа тастап үлгерді. Бес жыл ішінде Шымкентімізде атқарылған жұмыстар аз емес. Соның бірі жол құрылыс саласы. Талапты стандарттарға сәйкес болу үшін мегаполисіміз бұл салаға көптеп көңіл бөледі. Мемлекеттік бағдарламаларда бұл саланың әл-ауқатын жақсарту үшін бірнеше мемлекеттік индикаторлармен жұмыс жасайды. Қала халқын сапалы жолдармен қамтамасыз ету шаралары – Шымкент қаласының әкімідігінің басты мақсаттарының бірі. Жыл сайын жолдарды күтіп-баптап ұстау үшін қажетті қаржылар уақытылы бөлініп, жаңа жолдармен, тозығы жеткен жолдарға күрделі жол төсеу жұмыстары жасалып келеді. Жасыратыны жоқ, Шымкент республикалық маңызы бар дербес қала болғалы барлық сала бойынша едәуір даму үстінде. Әсіресе, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыс қарқыны байқалады. Шымкент қаласынгың әкімдігі үнемі атқарылып жатқан жұмыстар бойынша әлеуметтік желідегі парақшаларында айтылып, жаңалықтарымен бөлісіп отырады. Әсіресе,  соңғы кездері жұмысы қызып тұрған жол құрылысының жөні бөлек. Биыл үшінші мегаполистегі жалпы ұзындығы  3 247,6 шақырым жолдың  295,3 шақырымына (168 нысан) құрылыс-жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін 155 нысанды құрайтын  248,8 шақырым жол пайдалануға берілмек. «Ішкі орам және шалғайдағы елді мекендегі көшелерді  зерделеп, ондағы көшелердің 172 шақырым жолының топырақ жабындысы бар екенін анықтадық.  Биыл  153 шақырымды құрайтын топырақ көшелерге тас төселетін болады. Қазір жұмыстың 40 пайызы орындалып қойды. Шымкент қаласындағы биыл ең үлкен құрылыс – Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық жолын салу.  Қонаев даңғылының жалғасы, А-2 автомагистралінің 1,2,4-этаптарын ерекше атап өтуге болады. Сондай-ақ күрделі жөндеу жұмысы биыл 49,0 шақырымды құрайтын 65 көшеде  жүргізіліп жатқанын атап өтті.  Жолдардың 50 пайызға жуығы шалғай елді мекенде орналасқан. Айта кету керек, қала аумағына соңғы жылдары қосылған шалғайдағы ауылдардың инфрақұрылымы сын көтермейді. Сондықтан қала билігі басымдықты қала шетіндегі ауылдарға берген.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin