• 20 мая, 2024 11:35 дп

Шымкент қаласы: Бозарыққа инженерлік-инфрақұрылым жүйелері тартылуда

Автор:admin

Ноя 1, 2023

Шымкент қаласының салаға жауапты басшылары «Бозарық» шағын ауданындағы 74 га жерге тартылып жатқан инженерлік-инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс барысын көріп, жұмыс сапасын қадағалады, деп хабарлайды JSK.KZ. ақапараттық агенттігі. Аталған аумақтың 7 шақырымына электр энергиясы толықтай тартылып, құрылысы жүріп жатқан көп қабатты тұрғын үйлер қыркүйек айынан бастап сапалы электр қуатымен қамтылды. Бұған қоса 4,1 шақырымды құрайтын газ құбырын тарту жұмыстары басталған. Құрылыс толығымен жыл соңына дейін аяқталады, ал әзірге тиісті жұмыстың 20% атқарылды. Сондай-ақ, мұнда жалпы ұзындығы 5,2 шақырымды құрайтын кәріз жүйесі тартылуда. Қазіргі уақытта құрылыстың 70%-ға жуығы орындалып, жоспар бойынша қалған жұмыстар қараша айында толық аяқталады. Әрбір істің сапалы болуын талап еткен шаһар басшысы нысандар құрылысы мерзімінде аяқталуы қажеттігін айтып, тиісті басқарма басшылары мен мердігер мекеме өкілдеріне тапсырма берді. Сонымен қоса, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов “Өтегенов” көшесінде жалғасып жатқан жол құрылысы жұмыстарын да тексерді. Сапаға басты назар аударған шаһар басшысы нысанның мерзімінен кешіктірілмей тапсырылуын тиісті басқарма мен мердігер мекеме басшыларына ескертті. Қазіргі таңда құрылыс екі кезеңмен жүргізілуде. 1-кезең “Өтегенов” көшесі жалғасының құрылысы “Шымкент Сити” шағын ауданынан “Сырым батыр” көшесі аралығын қамтиды. Жалпы ұзындығы 1,205 шақырым, ені 28 метр, жолдың жүріс бөлігі 4 жолақты. Қазіргі таңда, автомобиль жолына жер негізін жасау және тығыздау жұмыстары атқарылуда. Бұған қоса шағал тас төселіп, аяқжол салынып, ирригациялық арықтар орнатылуда. “Өтегенов” көшесі жалғасының 2-кезең құрылысы “Сырым батыр” көшесі мен “Төлеметов” көшелері аралығы. Жалпы ұзындығы 970 м, ені 23,5 метр. Шымкент қаласы ірі мегаполистер санатына жататын Қазақстанның ең ірі аглемарациялы қалаларының бірі әрі бірегейі. Қалада инфрақұрылым мәселесі әрқашан өзектілігін жоймайды. Дамушы еліміз дамудың даңғыл жолына түсу үшін ең алдымен инфрақұрылым мәселелеріне көп көңіл бөліп келеді. Бұл Қазақстанды жоғары дәрежеге жеткізбек.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin