• 20 мая, 2024 11:35 дп

Шымкент қаласының инфрақұрылымы: қаланы сапалы интернетпен қамтамасыз ету шаралары

Автор:admin

Ноя 1, 2023

Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының ақпараттық технологияларды мемлекеттік жүйеге ендіру, сәйкестендіру жұмыстары осыдан он жыл бұрын-ақ нәтижелі бастау алғанын айтып өткен жөн. Осы он жылдың ішінде Қазақстандағы цифрландыру жүйесі едәуір өскенін байқауға болады. Мәселен, қазіргі таңда eGov системасы электронды жүйеге ауысты. Қазақстанда онлайн сауда нарығы дамып келеді. Қазақстан халқының басым бөлігі цифрлы сауатты. Үйден немесе кеңседен шықпай-ақ түрлі операцияларды жасай алады. Бұрындары кезекте тұрып, уақытта сарп етіп, арнайы мекемеге бару керек болса, қазір Қазақстан халқы төлемді де, оның ішінде салық, айыппұл төлеу, коммуналды қызметтерді жасау секілді тағы да басқа түлі операцияны орындай алады. Кең байтақ Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі, тіпті шалғай ауыл-аймақтарда интернетке қолжетімділігін арттыру. Қазақстан Республикасы бойынша орта білім беру мекемелерінде интерактивті тақта орнату, компьютермен жабдықтау қолға алынды. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында аталған жүйенің жұмысы одан әркез жетілдіріліп отырады.Осы орайда  күнгейде қаланы сапалы интернетпен қамту шаралары да кезек күттірмейтін мәселенің бірі. Осы бағыттағы жұмыстар былтыр  үш кезеңге бөліп қарастырылған. «Алғашқы кезең бойынша қазір қаладағы шағынаудандар мен тұрғын алаптар аумағына 11 базалық станса орнатылды. Алтынтөбе, Көкбұлақ, Солтүстік-батыс және Достық (Солтүстік саяжай), тұрғын алаптарында базалық стансалар толық іске қосылды. Асар, Асар-2,  Шымсити, Шымсити-2, Тұран және Ақтас-2, Айкөл шағынаудандары да бар. Ал биыл 2-кезең бойынша 14 жер қарастырылып, оның координаттары мобильді байланыс операторына жолданып, 8 жерге жеке инвестор қаражаты есебінен антенна-матчталық құрылғыларға мобильді байланыс операторларының базалық стансаларын орнату жоспарланып отыр. Олар: А2 трассасы, Аэропорт маңы, Солтүстік-батыс, Қайнар бұлақ саяжай алабы, Тассай, Құрсай, Р32 трассасы, Ынтымақ (Тұрлан) шағынаудандары. Қалған 6 елді мекенге (Абдулабад, Забадам, 226 Орам, Асар, Самал-3, Достық шағынаудандары) мобильді байланыс операторлары тарапынан коммерциялық нысан иелерімен келісу арқылы базалық стансаларды орнату жоспарлануда. Бүгінде Шымкент қаласы аумағы бойынша интернет сапасы төмен     30 тұрғын алап анықталып, оларға оптика тарту жұмысы жүргізіліп жатыр.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin