• 29 марта, 2024 8:58 дп

ШЫМКЕНТТЕ БАСКЕТБОЛДАН ЖЕҢІМПАЗ КОМАНДА АНЫҚТАЛДЫ

Автор:admin

Май 26, 2022

Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шыдамды, шымыр болады. Біздің ата- бабаларымыз «тәні саудың – жаны сау» немесе «бірінші байлық-денсаулық»,- деп бекер айтпаған. Бірақ, осы нақыл сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін сезінбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Салауатты өмір сүрудің, тазалықты сақтаудың белгілі ережелерін білмейтін де жан кемде-кем. Тіпті ол мектеп бағдарламасына да енгізілген. Бірақ оған көпшілігіміз күнделікті өмірде аса мән бермейміз. Неге? Оның басты себебі, өз бойымызда қалыптасып қалған жалқаулық жеңетін күш-жігердің әлсіздігі. Бұл әлсіздікке мойынбас үшін күнде таңертеңгілік уақытта 20-30 минуттай ертерек тұрып шама келгенше жүгіріп, секіріп әртүрлі қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасап соңынан салқын сумен шайынып денені шынықтыруға болады ғой. Бірақ көпшілігіміз жас кезімізде бұл мәселеге көңіл бөлмей есейген соң жалқаулықтың құрсауынан босай алмай, жасымызға жетпей қартайып, әртүрлі созылмалы ауруларға шалдығып, қайғы-қасірет пен өлім қорқынышынан қалтырап күн өткіземіз. Денсаулығымыз мықты болу үшін мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау қажет. Олар: дене еңбегі, тамақты уақтылы ішуді, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және демала білу. Оның бесінші шарты – бақытты өмір сүру! Жастар үшін тағы бір арнайы айта кететін кеңесңім бар. Спортпен айналысу денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі – жүгіру. Күн сайын таңертен үйдің маңайында, саяабақта, алаңда жарты сағаттай жүгіру қажет. Егер, жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе таңғы таза ауада серуендеуге болады. Сондай-ақ әртүрлі жаттығулар жасауға болады. Бұл мақсатта Шымкент қаласының әкімдігі тарапынан  «Шымкент жастар лигасы» жобасы аясында спорт бәсекелері жалғасуда. Бүгін З.Косодемяньская атындағы №23 мектеп-лицейінде оқушылар арасында баскетбол ойындарының финалдық кезеңі өтті. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы М. Шотанов финалдық сынды тамашалап, жас спортшыларға қолдау білдірді. Баскетболдан додаға 122 команда, 1464 оқушы қатысып финалдық кезеңге 16 команда жолдама алған болатын. Ұлдар арасындағы дүбірлі дода аса тартысты өтті. Жеңіске жету үшін жас сайыскерлер бар күш-жігерін жұмсады. Қорытындысында, спорттық долада М.Х. Дулати атындағы №8 мектеп — гимназиясы оқушылары жеңіске жетіп, лига жеңімпазы атанды. ІІ-орынға  Әл-Фараби атындағы №113 жалпы орта білім беретін мектебінің командасы ие болды. Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы үшінші орын алды.  Командаларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі 1 маусым күні «Қажымұқан» атындағы орталық стадионда өтеді.

Jsk ақпарат

Автор: admin