• 28 марта, 2024 11:39 пп

ШЫМКЕНТТЕ 50 СПОРТТЫҚ ІС-ШАРА ӨТЕДІ

Автор:admin

Май 26, 2022

Спорттың адам өмірі үшін маңызын бұдан ары айта түсудің өзі де артығырақ секілді. Бірақ, алдымен «спортпен шұғылдануға уақыт табылмай жүр» деген сылтаудан құтылған абзал. Ол үшін не істеу керек? Күніне 20 минут дене жаттығуымен айналысуды да ұмыт қалдырып кететін кездеріңіз болмайды емес, болады. Ендеше, дене жаттығуларымен шұғылдануды қалай әдетке айналдыруға болады?

  1. Дене жаттығуы кезінде киетін спорттық киімдеріңізді жатар алдында дайындап жатыңыз. Ұмытпас үшін, оятқышыңызды сол киімдердің үстіне қойыңыз. Өйткені, таңертең оянғанда оятқышпен қатар немен айналысатыныңызды да есіңізге түсіретін боласыз. Бастысы, осылайша таңғы жаттығуды әдетке айналдырып алсаңыз ғажап болары сөзсіз.
  2. Барлығын аз жаттығудан бастаңыз. Тіпті, аптасына 3 рет 5 минуттан-ақ дене жаттығуларымен шұғылданып жүріңіз. Тапсырма оңай, әрине. Бірақ, бастапқыда өзіңізді қинамауыңыз қажет. Алға ә дегеннен жоғарғы мақсат қоюға талпынбаңыз. Өйткені, өзіңіздің спортпен шұғылдануға деген ерік-жігеріңізді жоғалтып алуыңыз мүмкін.
  3. Адам – әлеуметтік жаратылыс. Қарым-қатынассыз өмір сүруді елестету мүмкін емес. Әлбетте отбасыңызбен табиғатқа шығудың, достарыңызбен белгілі бір спорт түрімен шұғылданудың, кейде бір ауық жүгіріп тұруды да әдетке айналдырғанның зияны жоқ.
  4. Үйдегі қарапайым шаруаларды жаттығу жұмыстарымен үйлестіріңіз. Мысалы, таймерді 20 минутқа қойып, жұмысыңызды бастаңыз. Қарапайым шаруаларды аса жылдам орындау – жақсы нәтиже береді.
  5. Жаттығу жұмыстарын жоспарлай біліңіз. Маңызды кездесуіңіз болса, онда ұмытпайсыз, дұрыс па? Ал маңызды шаруаны? Оны да ұмытпайсыз. Сол сияқты дене жаттығуларын да жоспарыңызға енгізіп үйреніңіз. Қажетті жаттығуларды жоспарлай біліңіз.
  6. Өзіңізге ұнайтын жаттығуларды таңдап алғанның да маңызы жоғары. Өйткені, алғашында адам өз қалауымен бастаған жаттығулар уақыт өте келе өз жемісін беретін болады. Шымкент қаласында маусым-желтоқсан айларында 50 спорттық іс-шара өтіп, оған 10 мыңнан астам шымкенттік спортшы қатысады деп жоспарлануда. Бұл туралы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.

Атап айтқанда оның: 11-і «Шымкент қаласының чемпионаттары». Спорттың жеті түрінен (садақ ату, гимнастика, жеңіл атлетика, баскетбол, волейбол, дзюдо, қазақ күресі)  өтетін жарысқа 2 мыңнан аса бала қатысады деп жоспарлануда. 16-ы «Қазақстан Республикасының чемпионаттары». Ол спорттың 11 түрінен (футбол, волейбол, көркем гимнастика, баскетбол, садақ ату, жүзу, қол добы, қазақ күресі, конькимен мәнерлеп сырғанау, каратэ, шорт-трек) өтеді. Аталған іс-шараға 3 600 бала қатысады деп күтілуде. 23-і «Халықаралық, республикалық деңгейдегі жарыстар». Бұл спорттың 15 түрі бойынша (футбол, көркем гимнастика, баскетбол, садақ ату, жүзу, қазақ күресі, еркін күрес, грек-рим күресі, бокс,  таэквондо, жеңіл атлетика, үстел теннисі, стенд ату, оқ ату, шорт-трек) ұйымдастырылады. Жарысқа 5 мыңға жуық бала қатыспақ. Спортшыларымыз байрақты бәсекеде  өз шеберліктерін көрсетіп, биіктерді бағындырар деген сенімдеміз.

Jsk ақпарат

Автор: admin