• 25 апреля, 2024 9:47 пп

ШЫМКЕНТТЕ ПРОКУРАТУРА 4 МЫҢНАН АСТАМ КӘСІПКЕРДІҢ ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАҒАН

Автор:admin

Май 26, 2022

Кәсіпкерлік азаматтық объектісі болып табылады. Азаматтық құқықтың нормалары кәсіпкерлік саласында пайда болатын құқықтық қарым-қатынасты ғана реттемейді, онда кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүддесін сыбайлас-жемқорлықтан қорғауға бағытталған бірқатар нормалар бар. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі жадталған жүйе құратын заң болып табылады, ол мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастың барлық ауқымын реттейтін құқықтық негіз болып қызмет етеді, нарықтық экономика жағдайында дамиды. Азаматтық заңнамамен реттелетін қатынас саласында кәсіпкерлер заңмен тыйым салынғаннан басқа кез-келген іс-әрекет жасауға құқылы. Кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау – бұл құқыққа қол сұқпауды қамтамасыз етуге, бұзған жағдайда және бұзу салдарын жойған кезде оны жүзеге асыруға, жандандыруға бағытталған заңмен қарастырылған іс-шаралар жүйесі. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 9-бабы құқықты қорғайтын органдарды, қорғау құралдарын (тәсілдерін) және қорғау тәртібін белгілейді – сот, арбитраж немесе аралық сот. Кәсіпкерге Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 2-бабымен танысу қажет, онда азаматтық кодекстің негізгі қағидаларының біреуі бекітілген – кім болса да жеке істерге араласпауы. Осы мақсатта елміздің үшінші мегаполисінде яғни Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Мұқановтың төрағалығымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша атқарылған жұмыстар және осы саладағы өзекті мәселелер бойынша арнайы жиын өтіп, өзекті мәселелер бойынша қызметтер ортаға салынды. Шымкент қаласы прокуратурасының мәліметі бойынша,  жыл басынан бері қадағалау актілері бойынша 1740 кәсіпкердің құқықтары қорғалған және олармен түсіндірме жұмыстары кешенді түрде жүргізіліп келеді екен. Сондай-ақ, 4 мыңнан астам бизнес субъектілерінің заңды мүддерлерін қорғау қамтамасыз етілген. Бизнес өкілдеріне қатысты заңсыз жүргізілген әкімшілік өндіріс прокуратураның араласуымен қысқартылған. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөнінде мобильді топ құрылып, тұрақты жұмыс атқаруда.  Айта кетейік, жиынға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері,  құқық қорғау органдары мен мүдделі басқармалардың басшылары және қала кәсіпкерлері қатысты.

Jsk ақпарат

Автор: admin