• 28 апреля, 2024 8:55 пп

Шымкентте ауыз су мәселесі болмауы тиіс

Автор:admin

Ноя 11, 2023

Шымкент қаласы Республикалық маңызға ие қалалар қатарына қосылғанына биыл міне бес жылдық жүзі болды. Осы бес жыл ішінде Шымкент қаласының әкімдігі қалаға жаңадан қосылған шалғай елді мекендерді инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету шараларын кезең-кезеңімен жол картасы аясында жүзеге асырып келеді. Бүгінде ауыз су тіршіліктің қайнар көзі екендігі баршамызға белгілі. Ал мегаполисте ауыз судың мәселесі қандай? Осы сұрақтарға осы мақаламызда жауап іздейтін боламыз. Қалаға жаңадан қосылған елді мекендердің бірі Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елді мекендері ауыз суды бекітілген кестемен бүгінгі таңда тұтынып отыр. Құзырлылар болса, аталған елді мекендердегі мәселені шешіп, биыл Шымкент қаласы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткішін 98,5% — дан 100% — ға дейін жеткіземіз дейді.  Осы орайда қала әкімдігінің салаға жауапты басшылығы ауыз су құбырлары тартылып жатқан нысандар құрылысын аралау барысында Сайрам тұрғын алабына тоқталды. Мұнда жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Шымкент қаласының әкімідігі атқарылған жұмыстарға шолу жасап, әрі қарайғы құрылыс кезеңдерін де сапалы орындауды тапсырды. Қазіргі уақытта Шымкент қаласы бойынша 81 елді мекеннің 78-і (1084,9 мың тұрғын) сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ал Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елді мекендері ауыз суды бекітілген кестемен тұтынып отыр. Сондықтан Шымкент қаласын сапалы ауыз сумен толыққанды қамту мақсатында қазір 6 нысанда су құбырын тарту жұмыстары іске асып жатыр. Олар Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс аумағындағы құбырлар. Соның ішінде Шымкент қаласының «Сайрам» тұрғын алабын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 3 кезеңнен тұратын жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленген, Атап айтқанда, жобалаушы мекеме «Батыс Алға LTD» ЖШС тарапынан 1 және 2 кезеңнің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Бүгінде мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары басталып кетті. Қалған 3-кезеңге жобалаушы мекеме «Redline Pro» ЖШС-і тарапынан жобалау-сметалық құжаттамасы да әзірленген. Құрылыс жұмыстары жыл соңында аяқталып, пайдалануға беріледі. Сондай-ақ 2024 жылдың соңына дейін 8 нысанның да құрылыс бітсе нәтижесінде 72 мыңнан астам адам орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin