• 25 апреля, 2024 2:13 пп

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫНА ТҰЖЫРЫМДАМА БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Автор:admin

Мар 2, 2022

 

Бүгін Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен өткен мәжілісте 2022 — 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы жеке құрам арасында таныстырылды.

Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов пен облыстық және қала/аудандық төтенше жағдайлар және өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы қатысқан шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Самет Нұрдәулет қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттырудың маңыздылығын баса атап өтті.

Нұрдәулет Ильясұлы Тұжырымдамадағы ең басты жаңашылдық — ол негізсіз баюға жауапкершілік енгізілгенін, онда жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту, парасатты қоғам қалыптастыру, жемқорлықты азайту, жазаның бұлтартпастығын күшейту, азаматтық қоғамды тарту және тағы басқа маңызды мәселелер қамтылғанын атап өтіп, жемқорлық құқықбұзушылықтары мен қылмыстарына қатысты енгізілген жауапкершіліктің қатаңдатылғанын баяндады.

Кездесу соңында қызметтік міндеттерін орындау кезінде өз қызметін жеке бас пайдасына қолданып пара алып ұсталғандарға қатысты түсірілген бейнероликтер көрсетілді.

Автор: admin