• 24 апреля, 2024 3:34 пп

Фракция жетекшісі ретінде бүгінгі кезектен тыс партияның ХХІІ Съезіне делегат болып қатыстым.

Автор:admin

Мар 2, 2022

Партияның қайта жаңғырып, жаңа серпіліс жасауға мүмкіндік алғанын көрсетіп отыр. 15 жылға жуық партияда қызмет етіп, барлық саяси реформалары мен идеологиясын қолдап келемін. Бүгінгі съездегі Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қ.К.Тоқаев Жаңа Қазақстанды құрудағы партияның орны рөлін нақтылап берді. Алдағы уақытта идеологиялық және кадрлық саясатты іске асыруға бар күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз. Партия атауының «AMANAT» деп өзгеруі – партия жаңа бастамаларға жол сілтейтін темір қазық болады деген сөз. Өзіндік тәжірибеден айтып өтсем, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық тарихында 23 жылдық өмір жолы бар партия әрқашан халықты қолдап, талап-тілектерін шешуде негізгі саяси ұйым екенін дәлелдедік. Әлі де дәлелдейтін боламыз. Сайлаушыларға уәде бердік пе? Оны екі етпей орындаймыз. Оған біздің әлеуетіміз жеткілікті. Партия жұмыс жасау тәсілін жаңа форматқа көшіреді. Бұл керісінше біздің абыройымызды одан әрі өсіреді деген сенімдемін. Халықтың санасы оянып, партияның оларға деген қамқорлығын тағы да сезінетін болады. Жұмыстарымызды жалғастырып, фракция мүшелері бірауыздан съездегі берілген тапсырмаларды орындаймыз.

Тулегенов Бекайдар Мұсаұлы
«Nur Otan» партиясы фракциясының жетекшісі, мәслихат депутаты

Автор: admin