• 25 апреля, 2024 6:10 дп

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ САЛЫҚ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫНА ТҮСІНДІРІЛДІ

Автор:admin

Мар 9, 2022

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған кезекті жиын өтті.
Кездесуде жемқорлықтың алдын алу мақсатында Агенттікпен қолға алынған жобалар, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған заңнамалық шаралар, ұжымдағы парасаттылық құндылықтары талқыланды.
Сонымен қатар, еліміздің 2022 — 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұжырымдамасының негізгі бағыттары түсіндіріліп, жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін жеке жауапкершілік нормаларын біле тұрып, алдын алу шараларын қолданбаған басшыларға қатысты жазаның қатаңдығы ескертілді.
Кездесу соңында қатысушыларға өткізілген кездесуден қорытынды шығаруға және өздеріне жүктелген міндеттерін адал атқаруға шақырылды.

Jsk ақпарат

Автор: admin