• 25 апреля, 2024 10:13 дп

СЬЕЗДЕ ҚАБЫЛДАНҒАН ЖЕТІ БАҒЫТ ПАРТИЯНЫҢ ЖАҢҒЫРТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ КҮРЕ ТАМЫР БОЛАТЫНЫНА СЕНЕМІН

Автор:admin

Мар 10, 2022

Партияның кезектен тыс ХХII сьезін өз басым асығып күттім. Күн тәртібіндегі партия жұмысын жаңғырту мәселесі мен сияқты партияда 15 жылдан аса жұмыс атқарып келген партия мүшесі үшін аса маңызды еді. Қазір партияның материалдық және адами ресурстары да әлдеқайда жоғары ғой. Біз алғашқы жұмыс бастаған кездерді еске алсам, қазіргі уақыттағы партияның потенциалымен мүлдем салыстырға келмейді. Бүгін партияның атауы өзгерді.

Алғашқыда «Отан» болды. Кейін де бірнеше рет өзгерді. Бірақ есте сақтайтын, өзгермеген бір мәселе — ол партияның мақсаттары. Ол халықтың әл-аухатын жақсарту, өзекті мәселелерді шешу, халықты тыңдап үнін билікке жеткізу, қоғамның барлық топтарымен қоян-қолтық араласып, кері байланыс орната отырып, бәсекеге қабілетті саяси жүйесі бар экономикалық мықты, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құруға қол жеткізу жолында жұмыс атқару. Осы мақсаттарды орындау үшін Жарғыға, партияның бағдарламалық құжаттары аясында қызмет етіп келеміз.
Бүгінгі сьезде партия атауы «АМАНАТ» болып өзгертілді. Жаңа белгісі бекітілді. «АМАНАТ» өте салмағы ауыр, мемлекеттің мүддесіне адалдықты, сөзге және уәдеге беріктікті білдіретін ұғым.
Ендеше Жаңа Қазақстанды құру жолындағы партиямыздың «АМАНАТ» атануы орынды. Жаңа атау — жаңа жауапкершілікті жүктейді. Бүгінгі съезден түйіндеген тұжырым үлкен жауапкершілікті мойнына алған, бүкіл елге тиесілі барымызды да, нарымызды да сақтап, келер ұрпаққа жеткізуші партиямыздың саяси күш болуы бірінші кезекте партия мүшелерінің партияға деген адалдығына, партия принциптеріне беріктігіне мемлекетшілдігіне әбден байланысты. Сьезде қабылданған жеті бағыт партияның жаңғырту процесіндегі күре тамыр болатынына сенемін.

Қалыйма Жантөреқызы,
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы Атқарушы хатшының орынбасары,
Түркістан облыстық мәслихат депутаты

Автор: admin