• 25 апреля, 2024 2:31 пп

ЖИЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Автор:admin

Мар 4, 2022

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қызметкерлерінің қатысуымен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының қызметкерлерімен аталған саладағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша жиын өтті.
Ауыл шаруашылығында туындайтын тәуекелдердің алдын алу мақсатында өткен шарада ел аумағында ауыл шаруашылығын субсидиялау бағытына жүргізілген сыртқы талдаудың нәтижесі, анықталған кемшіліктер мен оларды жою бойынша ұсынулар қаралды.
Сонымен қатар, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын және оның жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары таныстырылып, стратегиялық құжатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастыру, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру, азаматтық қоғамның рөлін күшейту секілді міндеттер қарастырылғаны баяндалды.
Іс-шара барысында қатысушылардың сауалдарына жауаптар беріліп, ұжымдағы парасаттылық құндылықтары талқыланды.

Автор: admin