• Сб. Окт 1st, 2022

«Қазақстан — 2050» стратегиясы ұзақ мерзімді жетістікке жетелейтін құжат!

Автор:admin

Июл 24, 2022

Ұзақ мерзімді ұлттық стратегияны ұсыну мемлекеттілікті нығайтудың, экономиканың өсуінің, тұрақты қоғамдық-саяси дамудың арқасында мүмкін болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап енгізілген қоғамның топтасуына бағытталған қадамдар Қазақстанның экономикалық өркендеуіне жағдай жасады. Мемлекет қалыптасуының транзиттік кезеңі табысты өтті. Қазақстан әлемде жүйеленген сыртқы саясаты бар қалыптасқан мемлекет ретінде бекітілді. Сонымен бірге, мемлекет алдыңғы 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында қойылған мақсаттарға мезгілінен бұрын жетті. Республика әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Бұл жетістіктер Қазақстанның жаңа тарихи кезеңге өтуін қамтамасыз етіп, оның жоғары деңгейге көтерілуін анықтады. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – біздің еліміздің жаңа даму кезеңінде бірінші ұзақ мерзімді Стратегия-2030-дың жалғасы. Қазақстан Республикасы азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру, мемлекеттік аппаратты кәсіптендіру, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және диверсификациясы бойынша міндеттер маңызды болып қалады және жаһандық тұрақсыздық және табиғи-ресурстық әлеуетті сарқу жағдайларында өз шешімдері үшін жаңа тәсілдер іздеуді талап етеді. Осының бәрі жаңа стратегиялық құжат — «Қазақстан – 2050» әзірлеуге себеп болды. Біздің басты мақсатымыз — 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің қатарына ену. «Қазақстан-2050» Стратегиясы жаһандану сипатында туындаған қауіп-қатерлер мен тәуекелдерді ескере отырып елдің дамуына жаңа деңгей берді. Мемлекет басшысы көрсетіп кеткендей, Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуде өте қиын жол күтіп тұр. Бұл барлық ұлттардың жұмыла күш салуын талап етеді. Болашақта дамуға қоғамның барлық топтарының түсінігінің және ат салысуының негізінде барлық аймақтар тартылса экономикалық өсуге қол жеткізетініміз сөзсіз. Қазір елдердің барған сайын көп саны осындай ұзақ мерзімді стратегияларды әзірлейді және қабылдайды. БҰҰ-да 2050 жылға дейін өркениетті дамытудың Жаһандық болжамы әзірленді. Болжамдық баяндаманы 2050 жылға дейін Бүкіләлемдік азық-түлік ұйымы жариялады. Астанада ғылым мен техника саласында ең жақсы дүниежүзілік жетістіктер көрсетілді. Қазақстанның көптеген тұрғындары Еліміз ұмтылған «болашақ энергиясын» өз көздерімен көре алды. Жаңа экономикалық саясатқа «қозғаушы күш» ретінде Ұлттық қор болу керек. Бірінші кезекте Ұлттық қордың қаражаттарын ұзақ мерзімді стратегиялық жобаларға жіберу керек. Мемлекет ұлттық компаниялардың атымен Үшінші индустриалды революция нәтижесінде пайда болатын секторларды ескеретін болашақ экономикасын дамытуға ынталандыру керек. Екені  баршамызға мәлім.

Jsk ақпарат