• 29 марта, 2024 10:18 дп

«Қазақстан – 2050» стратегиясының – ұшінші бағыты!

Автор:admin

Июл 23, 2022

Үшінші – жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер. Ғалымдар мен сарапшылардың жер шарының тұрғындары 2050 жылға қарай 9 млрд-қа жуықтайды деген болжамы бар. Сондай-ақ БҰҰ-ның мәліметіне сүйенсек, дәл қазіргі кездегідей азық-түлік экспорттайтын елдер өз өнімдерін қысқартпай осы қалпын сақтаса, онда жер тұрғындарын толық қамтамасыз етуге қауқарсыз болып шығады. 2000 жылдың 17-сәуіріндегі БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі комиссияның 52-отырысында әлем халқының 825 млн-нан астамы, оның ішінде негізінен ана мен баланың тиісті деңгейде тамақтанбайтынын, яғни тамақтануға әлеуметтік жағдайының келмейтіні айтылған. Тіпті БҰҰ-ның жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған арнайы қарары да қабылданды. Осы қарарда әлем жұртын Азияның шығысындағы мұхит жағалауындағы халықтар секілді құрт-құмырсқа, бақа-шаянмен қоректенуге шақырды. Әлемдегі осы жағдайды пайдаланып, елдің ауыл шаруашылығын көтеруге мол мүмкіндік бар. Таза экологиялық азық-түлік өнімдеріне қашан да сұраныс бар. Шүкіршілік, біздің елдің халқы әзірге тоқ. Кейде ысырапқа шектен тыс жол беріп жатамыз. Президент, әлемдік қатермен бірге халыққа қандай мүмкіншілік бар екенін ескертіп отыр. Тек, осыны елге дұрыс жеткізе білетін, істің көзін үйлестіре алатын азаматтар болса болғаны.  Әрбір азаматтың ойлау қабілетіне байланысты өз құндылықтары бар. Біреуге – ақша, екіншісіне – киім, үшіншіге – қызмет, төртіншіге – дәстүр, бесіншіге – материалдық жағдай, алтыншыға – тарих, келесіге – дін, енді біріне – тіл немесе білім болып кете береді. Өркениеттер қақтығысы дәуірінде адами құндылықтардың дағдарысқа ұшырауы тұтас ұлттың ғасырлар бойғы мәдениетін тас талқан етіп, мемлекеттің шаңырағын ортасына түсіруге алып барады. Соңғы жылдардағы әсіресе жастардың дін атын жамылған теріс ағымдардың ықпалына топтаса келуі, олардың өмірлік ұстанымы мен қоршаған дүниеге көзқарасын түбегейлі өзгеріске ұшыратты. Нәтижесін көзіміз көріп, құлағымыз естіді.    Зайырлы мемлекет пен діни-идеологиялық қарама-қайшылықтың ушығуы қарулы қақтығысқа дейін жетті. Тек қана 2011 жылдың мамыры мен 2012 жылдың күзі аралығында 14 теракт орын алып, 70 адамның өмірін жалмады (оның ішінде 51 – террорист, 13 – күштік құрылым, 6 – қарапайым азамат). Экстремистік және террористік белсенділіктің арта түскенін мына сандар да айғақтай түседі: 2008 жылы – 9, 2009 жылы – 24, 2010 жылы – 8, 2011 жылы – 44, 2012 жылдың 1-жартысында – 81 адам ҚР Қылмыстық Кодексінің 253-бабы терроризм актісі бойынша қылмыстық жауапқа тартылған.

Jsk ақпарат

Автор: admin