• Сб. Окт 1st, 2022

«Қазақстан 2050» стратегиясы Жаңа Қазақстанның басты реформаларының бірі!

Автор:admin

Июл 22, 2022

Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 30 шы жылдығына жаңа қазақстандық арманмен аяқ басқанымызды, оның басты мақсаты жүзеге асырылып жатқан «2050» Стратегиясымен бара-бар екенін және өзіміздің жаңа арманымызға қарай жақындауды Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам — Ұлт жоспарын жасаудан бастағанымызды жазды. Назарбаевтың ойынша, реформалар Қазақстан экономикасы жаһандық экономикалық қиындықтардың күшті ықпалын сезініп отырған қазіргі кезеңде ерекше маңызды. Біз оларды экономикалық өсімнің сенімді қарқынын қалпына келтіру мен бүкіл халыққа берік әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің дағдарысқа қарсы кең ауқымды шараларының басты құрамдасы ретінде қарастырамыз.Біздің бірінші реформамыз «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң негізінде мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған. Екінші реформаның мәні тәуелсіз сот төрелігі мен Қазақстанның бүкіл құқық қорғау жүйесінің тек қана азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, заңдарды қатаң орындауға және құқық тәртібін нығайтуға бағытталуы тиістігінде. Айтуынша, ауқымды жұмыс үшінші реформаторлық бағытқа — индустрияландыру мен экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша жаңғыртулар кешенімен байланысты.Сонымен қатар, бизнесті қорғау мен кәсіпкерлерге құқықтық көмек көрсетудің орталық тетігі болуы тиіс бизнес-омбудсмен институты нығайып келеді. Президенттің мақаласында, Ұлт жоспарының экономикалық блогына кіретін шаралар біздің экономикамыздың өңдеуші секторына кем дегенде 10 трансұлттық корпорацияны тартуды қарастыратыны айтылған. Ұлт жоспарының үшінші бағытының темірқазық мәселесі тәуелсіз сот жүйесі, ағылшын тілін қолдану және инвестициялық резиденттік қағидатын енгізу құқығымен жеке заң құзыреті қағидаты бойынша АСТАНА халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру болып табылады.Ұлт жоспарында экономиканың бірқатар перспективалы секторларын дамыту бойынша шаралар қарастырылған. Бірінші кезекте ол электр энергиясы секторына және энергиялық тиімділіктің өсуіне қатысты. Бізге 2020 жылға қарай ІЖӨ-нің энергия сыйымдылығын 25 пайызға және ғасырдың ортасына қарай 50 пайызға төмендетуге қол жеткізу керек. Сонымен қатар, әлеуметтік жаңғыртуды ынталандырушылар, реформалар табысы, қоғамға есеп беретін ашық мемлекет, мемлекет функцияларын бәсекелесті ортаға және жергілікті өзін-өзі басқаруға беру және Ұлт жоспары жөнінде жазды.

Jsk ақпарат