• Сб. Окт 1st, 2022

Ш.МҰҚАН МЕКТЕПТЕРДЕГІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Автор:admin

Авг 2, 2022

Шымкент — Оңтүстік Қазақстанның жүрегі. Йя, қазір обылыс Түркітан болып, орталық Түркістан қаласына ауыссада Шымкент әркезде де оңтүстікің жүрегі болып қала бермек. Шымкент – күнсанап дамып келе жатқан еліміздегі ірі қала. Мүмкіндіктер қаласы. Еңбекқор жастардың шоғырланған ордасы. Қала әсемдігін сөзбен жеткізу әсте мүмкін емес. Шымкент қаласында бүгінде 3 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірқатар стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға негізделген, білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Бұл «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам», «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Мемлекет басшысының сайлауалды платформасы, тамыз кеңесінде және Қазақстан халқына арналған Жолдауда берілген тапсырмалар толығымен ескерілген.

«Бағдарлама жобасы педагогикалық ұжымдарда мұғалімдермен, Президент жанындағы Ұлттық кеңестің өкілдерімен, сарапшылармен және Парламент депутаттарымен талқыланды. Бұл жобаның ерекшелігі – PISA, TALIS, PIAAC, PIRLS, ISILS секілді 5 халықаралық зерттеудің нәтижелері бізге негізгі проблемаларды анықтауға және олардың шешімдерін табуға мүмкіндік берді. Жалпы, жаңа Мемлекеттік бағдарлама жобасында 2 мақсат, 11 міндет, 8 индикатор, 39 көрсеткіш қарастырылған»

Осы орайда  Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан білім нысандарының жаңа оқу жылына дайындығын тексеріп, күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназияда күрделі жөндеу жұмыстары мамыр айында басталған болатын. Жауапты мердігер – «ШАХ құрылыс компаниясы» ЖШС.

1989 жылы салынған мектеп 33 жылда бірінші рет күрделі жөндеуден өтуде. Қазіргі таңда терезе орнату 90, сылақ 60, жылу жүйелері 20, электр желілерін тарту жұмыстары 50 пайызға орындалды. Құрылыс жұмыстарына 50 адам жұмылдырылған. Мердігер мекеме өкілдері құрылысты қыркүйек айына дейін аяқтауға уәде берді.

Сонымен қатар, А.Навои атындағы № 11 мектептегі күрделі жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес атқарылуда. Бүгінде жалпы жұмыстың 70 пайызы аяқталған. Жауапты мердігер «Авторемстрой ЛТД» ЖШС нысан құрылысын 20 тамызда аяқтауды жоспарлап отыр.

Шыңғыс Жұмабекұлы мердігер мекеме басшыларына жұмысты сапалы орындап, құрылысты жаңа оқу жылына дейін аяқтауды тапсырды.

Айта кетсек, 2022 жылы 5 білім беру ұйымында (№11, №50, №107 мектеп, 1 балалалар үйі, 1 арнайы мектеп-интернат) күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған. 4 мекеменің ЖСҚ-ы дайын. Одан бөлек, 20 мекемеге ЖСҚ дайындалуда.

Jsk ақпарат