• 25 апреля, 2024 4:25 пп

Шымкент: Еңбекшідегі ерікті істер!

Автор:admin

Авг 2, 2022

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесі мен Еңбекші ауданы әкімінің аппараты қызметкерлерi, қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың өкiлдерi «Жас дәурен» тұрғын алабында жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Мемлекеттік этносаясаттың басымдықтары сөз болған жиында тұрғын алапта қалыптасқан бүгінгі ахуалдар сөз етіліп, сарапқа салынды. Кездесуде қоғам тұрақтылығын сақтау мен жас буынның тәлiм-тәрбиесiне назар аудару, жастардың әскери борышты өтеуі сынды маңызды мәселелер ортағы салынып, біршама ұсыныстар да айтылды. Кездесу соңында, тұрғындар ел бірлігін арттыру жөніндегі бастамаларға белсене қатысуға дайын екендіктерін жеткізіп, халық пен билік арасындағы өзара әрекеттестікті қолдайтындықтарын жеткізді. Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жас ақындармен кездесу өтті. Кездесудің басты қонақтары «Жүрегіммен жеткізе алсам…» кітабының авторы Ұлбосын Намазбай және жас ақын Яхуда Аружан. Кездесудің басты мақсаты: Жас ақындарды таныстыру, жастардың өнерге, мәдениетке, шығармашылыққа қызығушылықтарын арттыру, шығармаларын кең түрде насихаттау, ақындық өнерлерін жетілдіру. Сұхбат барысында жас ақындар өнерге қалай келгені туралы әрі түрлі жанрдағы авторлық өлеңдерін паш етумен қатар, өмірбаянымен, шығармашылығын таныстырып өтті. Сондай-ақ жастарға патриоттық өлеңдерімен жігер беріп, ақындық өнерге қызығушылықтарын арттырды. АУДАН ЖАСТАРЫ АҚЫНМЕН КЕЗДЕСТ Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шығармашыл ақын Ибраһим Жолдасовпен кездесу өтті. Мақсаты: Жастарды ақынның шығармашылығымен таныстырып, патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу және ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Кездесу барысында ақын өзінің алғашқы шығармалары туралы қызығушылығы жайлы әңгіме қозғады. Қазығұрт ауданының тумасы қазірде осы қалада тұрады. Алғашқы шығармасы Қазығұрт ауыл жайлы жазған. Қазіргі таңда табиғатқа байланысты туындысын жазуда. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ТИМБИЛДИНГ ӨТТІ Еңбекші ауданы  жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті іс-әрекеттің және құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша тимбилдинг өтті. Мақсаты: Жастар мен жасөспірімдер арасында күйзелістік жағдайлардың аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Тимбилдингке  «Мейрам» кино студиясындағы  жастармен жасөспірімдерінің қатысуымен өтті.

Jsk ақпарат

Автор: admin