• Сб. Окт 1st, 2022

ШЫМКЕНТ 2024 ЖЫЛЫ 100 ПАЙЫЗ МОБИЛЬДІ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Автор:admin

Авг 1, 2022

Бүгінгі таңда ел халқы 18,7 млн адамды құрайды, олар 6 459 елді мекенде тұрады. Бағдат Мусин бүгінде түрлі технологиялар бойынша интернетпен қамту аймағында 17,5 млн адам тұратын 4 751 елді мекен бар екенін хабарлады.

Елімізде интернет желісін дамыту үшін екі ауқымды жоба іске асырылуда.

Бірінші жоба — МЖӘ тетігі арқылы оптикалық интернет жүргізу. Жоба бойынша 1 257 елді мекенде интернет жүргізіледі. Бұл жобаға шамамен 75 млрд теңге инвестиция тартылды. Биыл пандемияға қарамастан, 944 елді мекенде құрылысшылардың көмегімен оптикалық желілер салынатын болады. Бүгінде 835 елді мекен қосылған. 3,5 мың мемлекеттік нысанға (әкімдіктер, ауруханалар, мектептер) интернет жүргізілді.

Екінші жоба 250 адамнан астам халқы бар 928 ауылды 3G және 4G, FWA технологиясы бойынша мобильді интернетпен қамтамасыз етуді көздейді. Бұл — 601 мыңнан астам адам. Жоба аясында барлық операторлар «Шеринг» шартына қол қойды және енді бір-бірінің базалық станцияларын пайдалана алады.

Мемлекет тарапынан осы операторлардың жұмысы үшін радиожиіліктерге лицензиялар мен рұқсаттар беріледі.

Шымкентте өткен жылы интернет сапасы төмен 14 елдімекенге базалық станция орнатылған болса, биыл 12 елдімекенге қойылып, мобильді интернет желісімен қамту үлесін 95 пайызға жеткізу жоспарланған. 2023 жылы 11 елдімекенге, 2024 жылы 10 аумақты қамтып, көрсеткіш 100 пайызға жетпек.

Бұл туралы бүгін қала әкіміне 1-жартыжылдықта атқарылған жұмыстар бойынша есеп берген цифрландыру басқармасының басшысы Ә.Әбдіраханов баяндады.

Осы жылға 71 мың қала тұрғынын қамтитын 12 аумаққа базалық станция орнатылу жоспарға қойылған болса, бүгінде олар бойынша жер телімдері анықталып, инвесторларға ұсынылған. Қазір бетон құю жұмыстары жүргізілуде. Маятас, Елтай, Тоғыс, Бозарықта жеке нысан иелерімен келісу арқылы базалық станция орнатылып, іске қосылды.

Ал, оптикалық интернет қамту үлесін 75 пайызға жеткізу межеленген. Қаладан шалғай орналасқан 15 елдімекенге талшықты оптика желісі қойылады.

Тұрғындардың IT сауаттылығын арттыру мақсатында «CIFRO» және робопарк бағдарламалау мектептері ашылды. Онлайн платформа веб сайттарды әзірлеу, ІОS, андройд платформасында қосымшалар әзірлеу, анимация жасау, ойындар әзірлеу секілді курстар оқытылуда.

Есепті тыңдаған қала әкімі М.Әйтенов салаға тартылатын инвестиция көлемін арттыруды, интернет күшін жоғарылату бойынша қосымша жоспар жасауды тапсырды.

Jsk ақпарат