• 25 апреля, 2024 12:21 дп

2050 жылға дейін сатылап келесі мәселелерді шешуді қамтамасыз ету өте маңызды:

Автор:admin

Июл 25, 2022

Мемлекеттің макроэкономикалық саясатын жаңарту; бюджеттік саясаттың жаңа принципімен қарулану – тек өз мүмкіндіктері шегінде жұмсау және тапшылықты максимум ықтимал минимумға дейін қысқарту. Бюджеттік-қаржылық процеске қатынасы жеке меншік салынымдардай ұқыпты және ойластырылған болып табылады. Басқаша айтқанда, бірде-бір бюджеттік теңге босқа жұмсалмауы керек. Мемлекет бюджеті ұзақ мерзімді перспектива тұрғысынан, экономиканы диверсиялау және инфрақұрылымын дамыту сияқты жемісті жалпы ұлттық жобаларға тоқтаған. өндіріспен және жаңа технологиялар саласымен айналысатын салық салу нысандары үшін қолайлы салық режимін енгізу қажет; салықтық әкімшіліктендіруді ырықтандыру және кедендік әкімшіліктендіруді жүйелендіру саясатын жалғастыру; салықтық есептілікті жеңілдету және минимумдау қажет. Жақын бес жылда онлайн электрондық есептілік режиміне ауысу керек. 2020 жылы салықтық кредиттеу практикасын енгізу қажет. Басты міндет – кәсіпкерлердің инвестициялық белсенділігін ынталандыру. Осылайша, болашақ салық саясаты бизнес-деңгейде ішкі өсімді және сыртқы рыноктарға отандық экспортты ынталандыруы керек, ал азаматтар деңгейінде олардың жиналуын, сақталуын және салынуын ынталандыру керек. Әлемдік экономикада қолайсыз жағдайды ескере отырып, Қазақстанның әрбір тұрғынының табысын қорғауды және экономикалық өсу үшін қабылдарлық инфляция деңгейін сақтауды қамтамасыз ету керек. Бұл жай ғана макроэкономикалық мәселе емес, бұл елдің әлеуметтік қауіпсіздік мәселесі. Қазақстан банктері өз кезегінде өзінің белгіленген ісін атқаруы және кредиттік ресурстарда экономиканың нақты секторы талаптарын қамтамасыз етуі тиіс. Осыған орай қаржы жүйесін бақылауды босаңдатуға болмайды, банктерді проблемалы кредиттерден босату және қорландыру мәселелерімен толық айналысу қажет. Келесі міндет — экономикалық өрлеу мүмкіндіктерін инфрақұрылымды дамыту жолымен кеңейту. Инфрақұрылымды екі бағытта дамыту керек: ұлттық экономиканы жаһандық ортаға шоғырландыру, сонымен қатар ел ішінде аймақтарға жылжу. Қазақстан шекарасынан тыс өндірістік көліктік-логистикалық нысандар құру үшін ел шегінен шығарда, өзінің пайдасын мұқият есептеп, ойын жинақтау, біздің транзиттік әлеуетімізді дамыту маңызды. Бүгінгі күні бірқатар ірі жалпы ұлттық инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылады, олардың нәтижесі ретінде 2020 жылға қарай Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдаудың екі есе ұлғаюы жүреді. 2050 жылға қарай транзиттік тасымалдаулар 10 есе артады. Қойылған мақсаттар түйінді міндеттерге – біздің экспортымыздың тек қазақстандық өнім мен қызметтерге ұзақ мерзімді сұраныс болатын әлемдік рыноктарға ғана жылжуына бағынышты болады.

Jsk ақпарат

Автор: admin