• Сб. Окт 1st, 2022

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Автор:admin

Сен 3, 2022

Адамзат алдында тұратын ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, рухани бай және ақыл — парасаты мол, мәдени — ғылыми өресі озық азамат тәрбиелеу. Бұл біздің қоғам алдындағы борышымыз. Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, ертеңгі күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білім мен тәрбиеге ғана тән. Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы болғандықтан қазақстандық барлық мектептерге бүгінгі жайы, даму бағыты мемлекеттің назарында. Сапалы білім, саналы тәрбие беру әр ұстаздың алға қойған міндеті болса, өз ісінің білімді, өнегелі азаматы болу – әр оқушының міндеті. ҚР тәуелсіздік алған қысқа тарихи кезең ішінде әлемдік қауымдастыққа кіре отырып, экономикада айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Осы ретте қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты жаңа тарихи кезеңінің болмысына парапар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды талап ете отырып, оған өз әсерін тигізеді. Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Смайлов Балтабай Оспанұлы ауданның белсенді жастарымен кездесті. Кездесу барысында Әл-Фараби ауданындағы жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы баяндалды. Аудан әкімінің орынбасары жастар арасында қозғалып жүрген өзекті мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады. Жастар талқылауда белсенділігін көрсетіп, көптеген ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

  • Қала бойынша үлкен бір еріктілер ұйымын ашып, барлық еріктілер ұйымы сол ұйыммен бірлесе жұмыс жасау;
  • Саябақтарда жастарға арналған мәдени концерттер ұйымдастыру;
  • Аудан жастары әр ай сайын қарттар үйінде, балалар үйінде, саябақтарда тазалық жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Тарихи мұражайларға экскурция жасау. Балтабай Оспанұлы Әл-Фараби аудан әкімі аппаратының ғимаратымен жастарды таныстырып, Әл-фараби ауданының құрылуын және тарихын кеңінен таныстырып өтті. Мегаполис жастары бүгінгі күн мен болашаққа нық сеніммен қарауы жəне жан-жақты жарасымды жетілуіне, қаламызды дамуына, көркейуіне жастардың ерекше қолдауы және жауакершілігі жоғары екендігін айтып, жастардаң барлық оң бастамаларын қолдайтынын жеткізді.

Jsk ақпарат