• 3 декабря, 2024 2:34 пп

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ АБАЙ АУДАНЫ 95 ПАЙЫЗ САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛМАҚ

Автор:admin

Авг 2, 2022

Шымкент қаласында мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы халық үшін кең көлемде тиімді жұмыстарын жүргізіп отыр. Мегаполис тұрғындары  күн санап қатарының ұлғаюына байланысты өзекті мәселелер мен шешімін таппаған проблемаларды жоспар бойынша кезең-кезеңімен шешу жолдарын қарастырып келеді. Өткен жылы Абай ауданын биыл мобильді интернетпен қамту көрсеткіші 91 пайызға жеткен. Бұл жылы 95 пайыздық меже көзделген.  Бұл туралы қала әкімінің тұрғындармен есепті кездесуінде аудан басшысы Б.Парманов мәлімдеді.  Мәселен былтыр интернет сапасы төмен Ынтымақ,2, Құрсай, Солтүстік-Батыс, А-2 жолы, Самал-3 елдімекеніне базалық станция орнатылды. Биыл 30 мың тұрғыны бар Ақниет, Қызылжар, Жаңаталап, Игілік, Агрофирма-Қарасу тұрғын алаптарына базалық станциялар орнатылады.  Оптикалық интернет желімен қамту: қаладан шалғай орналасқан Самал-3, Қазығұрт, Құрсай, Ақниет, Жайлау, Ынтымақ, Қызылжарға талшықты оптика желісі жүргізіледі. АБАЙ АУДАНЫНДА БИЫЛ 29 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ Өткен жылдан бері қалада мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында орталық және әлеуметтік нысан орналасқан көшелерді жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Соның бірі Абай ауданында былтыр 30 көше жарықтандырылды. Биыл осы жоба аясында 29 көше жарықтандырылар болса, аудандағы жалпы 140 көшеде түнгі жарықшам болады дегенді аңғартады.  Сонымен бірге, жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында 2021 жылы 519 бейнебақылау камерасы қойылды. Осы жылы тағы қосымша 250 камера қойылмақ. Шымкент әкімі мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексеру мақсатында құрылыс жұмыстары жүріп жатқан бірнеше білім ұяларын аралады.  Соның бірі — №46 жалпы білім беру мектебіне 1,5 га аумаққа қосымша корпус салынуда. Жоба бойынша нысанда 300 оқушы орны, спортзал, 110 орындық асхана және 10 мың кітап қорына арналған кітапханасы 8 орындық оқу залымен қарастырылған. Жаңа ғимарат құрылысы аяқталумен 38 адамға тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туады. Өткен жылы құрылысы басталған мектептің корпусы жаңа оқу жылына дейін пайдалануға берілмек.  Қала әкімі құрылыс барысындағы кемшіліктер бойынша жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берді.  №38 МЕКТЕПТЕ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ  Бұл – 18 шағын ауданда орналасқан № 38 орта мектеп. Мұнда 1,9 га жерге қосымша ғимарат салынуда. Жобаға сәйкес нысанда 375 оқушы орны, спортзал, 76 орындық асхана қарастырылған. Жаңа ғимарат құрылысы аяқталса 27 адамға тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туады.  Құрылыс жұмыстары тамыз айында аяқталады деп күтілуде.

Jsk ақпарат

Автор: admin