• 23 июня, 2024 9:15 пп

Шымкент экономикасы: өнімділікті арттыру бағытында сандық технологиялар қолданылуда!

Автор:admin

Май 2, 2023

Қазақстанның үшінші шаһары саналатын Шымкент қаламызда өз өнімдеріміздің көлемін арттыру бағытында заманауи жабдықтар мен технологиялар қолға алынды. Шымкент қаласының индустриалды-инновациялық  аймақтарында бүгінгі күні өнімділікті арттыру бағытында отандық өнімдерді қолдау үшін мемлекеттік бағдарламалар іске қосылып, кәсіпкерлерге сандық технологияларды қолдану үшін барлық жағдай жасалған. Біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттігіне оны әлемдік экономикаға интеграцияланған жағдайда ғана қол жеткізе аламыз. Сондықтан да Қазақстан Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі және оның талаптарына сай болуы қажетті. Өйткені сауда ұйымына кірісімен біздің отандық өндіріс салалары бәсекеге төтеп бере алмай жаппай құлдырауға ұшырауы мүмкін. Сонлықтан жедел түрде ұлттық шаруашылықтың бәсекеге қабілетін арттыру қажеттігі туындап отыр, ол үшін өнеркіптің өңдеуші жоғары технологиялы салаларын дамыту күн тәртібіндегі шешуді қажет ететін мәселенің бірі екені бәрімізге белгілі. Ал мұны шешудің бірден бір жолы ұлттық экономиканы индустриялы-инновациялы ел ретінде қалыптастыру, отандық өнеркәсіп өнімдерінің шикізатқа тәуелділігінен құтылуға жол ашу болып табылады. Өнімділікті арттыруды, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын арттыруды, қазақстандық тауарларды шетелдік нарықтарға жылжытуды қолдауды, қолданыстағы:

—        сандық технологиялар және «қарапайым заттар экономикасын» дамытумен индустрияландырудың үшінші бесжылдығы;

– еңбек өнімділігін, қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыра отырып, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламаларын;

– жылумен, сумен жабдықтау және су бұру, тұрғын үй қорын жаңғырту, цифрлық теңсіздікті төмендету, сондай-ақ көлік-логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру мәселелерін қоса алғанда, инфрақұрылымдық және тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламаларын;

мемлекеттік қолдау құралдарын дамыта отырып, инвестицияларды ынталандыру;

— бизнесті қолдаудың институционалдық негізін одан әрі жетілдіру жолымен бизнес-ортаны кеңейту және ынталандыру, жеңілдікті микрокредиттер беру арқылы шағын кредит беруді кеңейту, бәсекелестікті дамыту және экономикаға жеке капиталды тарту. Сонымен қатар еліміздегі әлеуметтік сала мемлекетіміз үшін басымдықтар қатарында болып келді, оны шешуді соңғы жылдары жаппай қолға ала бастады.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin