• 27 апреля, 2024 4:31 дп

Шымкент қаласының дамуы, ерекшелігі, экономикалық дағдысы!

Автор:admin

Май 2, 2023

Шымкент еліміздің басты үш шаһарынгың бірі. Мұнда қазіргі таңда 1 милион 200 мыңнан астам адам өмір сүруде. Экономикалық өсімі Қазақстанның қуатты елге айналуына өз септігін тигізетін республикалық маңызы бар қалалар қатарына енеді. Мұнда кәсіпкерлікпен айналысу үшін Ұлттық экономиканың үдерістерінің сүзгісінен бірнешерет реформалардан өткен. Шымкент қаласының дамуы оның туризмге экономикалық өсімінің жоғарлауына өз әсерін тигізеді. Сондықтанда рнеспубликалық маңызы бар қалалар қатарындағы айрықша көңіл бөлінетін ең ірі аглемерациялы қалалардың қатарында. Шымкент қаласының басты жоспарына өзгерістер енгізілу барысында тұрғындарға экономикалық ерекшеліктер мен қаламыздың даму көрсеткіштері есепке алынған болатын. Президентіміз атап айтқандай Шымкент Оңтүстіктің бетке ұстар, экономикасы мықты қалаға айналуы тиіс. Бұл жолда мемлекеттік бағдарламалар өз дәрежесінде қызмет етіп отыр. Яғни, қаламызда, 2021-2025 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі басым бағыттары халықтың әл – ауқатын жақсартуды қамтамасыз ету және қазақстандық экономиканың тұрақты моделін құру жөніндегі «Қазақстан-2050» Стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарын одан әрі іске асыру болып табылады. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін тұрақты экономикалық өсуді, әлеуметтік әл-ауқатты және нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ, инфляция деңгейін және бағаның тұрақтылығын үдемелі төмендету жөніндегі міндеттерді шешу жалғастырылады. Бес институционалдық реформа бойынша «100 нақты қадам» және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» бойынша Ұлт жоспарын іске асыруды, сондай-ақ Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының негізгі ережелерін ескере отырып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтары айқындалды: -инфляция деңгейін 3,0-4,0% — ға дейін кезең-кезеңмен төмендете отырып, тұрақты ақша-кредит саясаты арқылы макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету; бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу, сондай-ақ жасанды тапшылықты, баға келісімдерін және жосықсыз бәсекелестікті құру мүмкіндігін жою; ынталандырушы салық саясатымен, бюджеттік шығыстарды оңтайландырумен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin