• 20 апреля, 2024 6:45 дп

Шымкент: шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау шаралары кешенді жүзеге асырылып жатыр!

Автор:admin

Май 1, 2023

Қазақстан үшін экономиканы дамыту өзекті мәселелердің бірі болып қала бермек. Бұл жолда еліміз шағын және орта бизнестің дамуына ықпал жасау үшін кәсіпкерлікті дамытудың кешенді жұмыстарын бастап кеткен. Бүгінде сол кешенді жұмыстар өз нәтижиесін беріп, өңірдің әлеуетін арттыруға оң ықпал жасап отыр. Шымкентте осы тұрғыдан алғанда бірнеше мемлекеттік бағдарламалар қарқынды жұмыс жасау үстінде. Ол бірінші кезекте кәсіпкерлікті дамытып, жұмыссыздардың санын қысқартуға бағытталған. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жалпы елде макроэкономика жағдайы тұрақты, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің динамикасы оң нәтиже көрсетіп тұр. Алайда отандық экономиканы әртараптандыру, өнімді жұмыспен қамту, халықтың табысын арттыру, әлеуметтік көмектердің қолжетімді болуы сияқты мәселелер әлі күнге толық шешімін тапқан жоқ. Бұл мәселеде Шымкент қаласында шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтін субъектілердің саны 69 435 бірлікті немесе 119,6% құрады. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде шағын несиелендіру бойынша 1 114,9 млн.теңге құрайтын 92 жобаға қаламызда шағын несие берілді.

Банктердің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру бойынша 50,0 млн.теңгеге 42 жоба қолдау тапты.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 29,5 млрд.теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 6,3% артты. Оның ішінде мал шаруашылығы – 19,4 млрд.теңге, өсімдік шаруашылығы – 9,4 млрд.теңге.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 224,0 бас ірі қара мал, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 520 бас ұсақ мал сатып алынды.

Сонымен қатар, 40 бордақылау алаңы, 34 отбасылық сүт фермасы, 1 құс фермасы ашылды. Шымкенттің экономикасын дамытуға елеулі үлестер ең алдымен мемлекеттік бағдарламалардың тьиімділігде. Кәсіпкерлікті жаппай дамытып, жұмыссыздарға жүйелі жұмыс тауып, бизнестерін дамытуға оң серпін бергенін айта кеткеніміз жөн секілді. Шымкент қаласы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жолында қолайлы ортаны қалыптастыру үшін индустриалды-инновациялық жобаларға әрдайым жеңілдетілген несие немесе субсидиялау жолдарын пайдалана отырып қолдау шараларын жүзеге асырып отыр.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin