• 3 декабря, 2024 3:35 пп

ШЫМКЕНТ: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫ ҚАРҚЫНДЫ!

Автор:admin

Окт 1, 2022

Шымкент қаласында болып жатқан барлық төтенше жағдайлардың 86%-ы өрттің салдарынан болған. Қауіп жылыту кезеңі қарсаңында күрделене түсуде. Бұл туралы қалалық ТЖД бастығы, полковник М.Жаксибаев шаһар басшысы М.Әйтеновтың алдында есеп беру кезінде мәлімдеді. Апат айтып келмейді ғой. Айтып келгеннің өзінде оның алдын алатын қал-қауқарымыз бірде болғанымен, бірде бола бермейді. Қандай да бір табиғи, не болмаса техногендік апатқа тап бола қалсақ санамыз сан-саққа жүгіріп, әлдекімнен әлдеқандай көмек күтеміз. Мұндайда өзіміз секілді ет пен сүйектен жаратылған нағыз батырлар қол ұшын созар еді. Олар – азаматтық қорғаныстың алдыңғы шебінде жүрген төтенше жағдайлар қызметінің мамандары, бейбіт күннің батырлары. Бұл күштік құрылымның ірге қалағанына да биыл ширек ғасыр толып отыр.

Бүгінгінің ақиқаты – осы! Топан су жайылса, төтеп беретін, тілсіз жау бой бермей бара жатса, аптығын ауыздықтай алатын қалқанымыз бар. Бірақ бұл сала да ұдайы дамуды, түлеу мен түрленуді қажет етеді. Тәуелсіздік жылдары елімізде 350 мыңнан астам өрт оқиғасы болса, осы жылдың басынан бері 6960-тан астам өрт тіркелді. Өткен жылы елімізде орын алған өрттің саны 13922-ге жетті. Жыл сайын елімізде орта есеппен алғанда 15 мыңға жуық өрт болатын көрінеді. Құтқарушылар төтенше жағдай орнынан 8 мыңға жуық адамды құтқарып, 20 мыңнан астам адамды эвакуациялайды. Сондықтан бұл салада еңбек ететін маманның да, пайдаланылатын тех­никаның да артығы жоқ. Әр қызметкердің өзіне жүктелген міндеті, әр техниканың қолдану аясы белгіленген. Осы орайда Шымкент қаласы бойынша

Мадияр Есенгелдіұлының айтуынша, соңғы 9 айда 131 өрт тіркеліп, 1 адам қаза тапса, 2 адам жарақат алған. Өткен жылмен салыстырғанда бұл 13%-ға өскенін көрсетеді.

Анықталғандай, статистикалық мәліметтер негізінде мұндай немқұрайдылықтың негізгі себептері қала азаматтырының қоқысты жинап жағу, сөндірілмеген темекі тұқылдарын тастау, балдардың отпен ойнауы, шыны ыдыстарды құрғақ шөпке тастап кету болып табылды.

— Жалпы Шымкент қаласының 83% газбен жабдықталған. Бұл ретте халықтың улы және табиғи газбен улануымен байланысты жазатайым оқиғалардың ықтималдығы жоғары. Өткен жылу беру маусымында тұрғын үйлерде 56 өрт тіркелген, материалдық шығын 86 млн. теңгені құрады. Табиғи газбен улану бойынша 4 жағдай тіркелді, нәтижесінде 3 адам қайтыс болып, 1 адам жарақат алды,-деді қалалық ТЖД бастығы М.Жаксибаев.

Алдағы жылыту маусымында қауіпсіздік шараларын барынша сақтап, қалалық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшін М.Әйтенов құзырлы мекемелерге тиісті тапсырмалар жүктеді. “2022-2023 жылдардағы жылу беру кезеңінде тұрғын үй секторындағы өрттің алдын алу” іс-шаралар жоспары бекітіліп, орындалуы бақылауға алынды.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin