• 25 апреля, 2024 7:02 пп

ШЫМКЕНТТІҢ КӨКБҰЛАҚ ЕЛДІМЕКЕНІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТЫЛУДА!

Автор:admin

Окт 1, 2022

Шымкенттегі Абай ауданына қарасты Көкбұлақ елді мекенін инфрақұрылым жүйелерімен қамту жұмыстары жалғасуда. Қала әкімі Мұрат Әйтенов атқарылып жатқан құрылыс барысын тексерді. Тұрғын алапқа былтыр толық оптика желісі тартылып, интернетпен қамтылған. Сондай-ақ 2021 жылы тұрғындар ауыз су мен жарыққа 100% қол жеткізді.  Ал көгілдір отынмен осы жылдың ІІІ тоқсанында қамтылатын болады, құрылыстың 90% атқарылған.  2 390 тұрғыны бар Көкбұлақтағы тағы бір мәселе — жолды асфальттау болатын. Қазіргі таңда 9 көшенің бесеуіне тас төселсе, төртеуі асфальтталды. Жалпы былтыр 6 шақырымға шағал тас төселген. Келер жылы Ағыбек ата, Үркінбай ата, Жомарт ата көшелеріне асфальт төселеді. Ал 2024 жылы Маңлай ата мен Жангелді батыр көшелері асфальтталатын болады.  Қоғамдық көлік мәселесі шешілген,№146 және №180 маршруттары қойылған.  Бұдан бөлек, былтыр 2, биыл 1 балалар алаңшасы пайдалануға берілді. Тұрғындардың өтініші бойынша осы жылы 800 м Есбол қажы көшесі жарықтандырылды. Құрылыс нысандарын аралай жүріп, жергілікті тұрғындармен кездескен әкім басқа да проблемаларға көңіл аударып, оның шешілу жолдарын жауапты басқарма басшыларына  тапсырмалар жүктеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жер қатынастарын цифрландыруды тапсырған болатын. Сондай-ақ Президент аумақтық және кеңістіктік дамыту тәсілдерін қайта құруға назар аударған-ды. Ондағы мақсат – мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметінің ашықтығын әрі айқындығын қамтамасыз ету. Бұған қол жеткізуге мүмкіндік беретін тиімді жол – бизнес-процестер мен мемлекеттік қызмет­тер­ді цифрландыру. Бұл ретте қала құрылысы кадастрының қыз­метін цифрландыру өте маңызды.

– Өйткені барлық жылжы­майтын мүлік нысандары, жер үсті және жер асты ком­муни­ка­ция­­лары туралы ақпа­ратты жи­нау­дың, өңдеудің, тір­кеудің, сақ­таудың және ұсы­нудың бірыңғай жүйесін қам­тамасыз ету – қала құ­­рылысы кадас­трының міндеті. Оны цифр­ландыру нысандарды жобалау, салу, пайдалану және кәдеге жарату процесін мони­торингілеуге, өңір аумағында құры­лыс салуды ұтымды жос­пар­лауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жаңа нысандарды инженерлік желілерге қосуды жоспарлауды, қолданыстағы коммуникациялардың қуатын ұлғайтуды едәуір жеңілдетеді әрі құрылыс жұмыстарын жүр­гізу кезінде желілердің апат­тық жағ­дайы төмендейд

Jsk ақпарат

Автор: admin