• Пн. Окт 3rd, 2022

ШЫМКЕНТ: СПОРТ АЛАҢШАЛАРДА АУЛА ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

Автор:admin

Май 26, 2022

Иә, күнделікті өмірде спортты сүйетін жандар көп. Әркімнің санасындағы спорт ұғымы – сан алуан. Расында да, көпшілікті ұлты мен жеріне, тілі мен дініне бөлмей өзіне ынтызар етер спорт құдіреті жоғары. Бәріміз білетіндей, «спорт – денсаулық кепілі». Бастысы, талғампаз тәкәппәр өнерге шексіз беріліп, адалдық танытсаң берері мол — сиқырлы әлем. Спорт – адамның рухани әлемі үшін де маңызды. Өйткені, әлсіз әрі қиындыққа көп ретте қарсы тұруға қауқары жетісе бермейтін жандарға мамандар бір ауық спортпен шұғылдануға кеңес береді екен. Күйзеліске ұшыраған сәттерде дене жаттығуларына ден қойсаңыз, жаңа құлшыныс пен тың серпін арқасында ерекше өмір сүруге ұмтыла түсесіз. Бұл да спорттың, дене жаттығуларының бір құдіреті. Тағы да ғалымдар зерттеулеріне назар салып көрейік. Адам дене жаттығуларымен айналысқан сәтте оның миында да сан мыңдаған үдерістер орын алады. Ми дене қимылдарының әрекетін күйзеліс ретінде қабылдап, оған қарсы күрес жүргізе бастайды. Ағзадан эндорфин гормоны (қуаныш пен ләззәт алу гормоны) мен пайдалы ақуыздар бөлініп, жүйке жүйелері мен миға тарайды. Сол арқылы адам ойы ұшқыр әрі есте сақтау қабілеті жақсара түсіп, көңіл-күйге әсер етеді екен. Шымкент қаласында әр аптаның жексенбі күндері төрт аудан аумағында орналасқан спорт алаңшаларда  «Аула чемпионаты» ұйымдастырылуда. Бұл туралы қала әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық жиында дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Б.Тұманбаев мәлім етті. Сала жетекшісі аталған спорттық іс-шара «Балалар жылы» аясында мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында аудан әкімдіктерімен бірлесе жыл соңына дейін өткізілетінін атап өтті.  Бұл жарысқа 5-17 жас аралығындағы балалар спорттың 6 түрінен (асық ату, ләңгі тебу, баскетбол, футбол, қыздар арасында скакалкамен секіру, гимнастикалық шеңбер айналдыру) сынға түсуде. «Аула чемпионатында» жеңімпаз болған балаларға диплом, медаль және кубоктар табысталып, қатысқан барлық балаларға арнайы сыйлықтар берілуде. Бүгінгі күнге дейін Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарында орналасқан 44 спорт алаңшада «Аула чемпионаттары» өткізілді. Осы өткізілген спорттық іс-шараларға 3 мыңға жуық  балалар қатысып, 200-ге жуық спорт саласының мамандары жұмылдырылды. «Аула чемпионатын» жыл соңына дейін  104 спорт алаңшада (әр ауданда орналасқан 26 алаңшада) өткізу жоспарлануда. Аталған іс-шараға 6 мыңннан астам балалар қатысады деп күтілуде.

Jsk  ақпарат