• 25 апреля, 2024 9:10 пп

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 23 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ!

Автор:admin

Май 26, 2022

«Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Ғалымдар зерттеуіне сүйенер болсақ, спорт адамды шат-шадыман өмір сүруге де жетелейді екен. Алматы қаласында 21-29 мамыр аралығында  экипировкамен және классикалық жатып сығымдаудан барлық жас ерекшеліктері бойынша пауэрлифтингтен Әлем Чемпионаты өз мәресіне жетті.

Жарысқа әлемнің 29 елінен 580-ге жуық спортшы қатысты. Осы  чемпионатқа Шымкент қаласынан 20 спортшы бақ сынап, құрама команда 23 медаль, оның ішінде 15 алтын, 7 күміс және 1 қола медальді жеңіп алды.

Жеңімпаз атанған спортшыларымыз:

✔️Шаукатов Данияр 83 келі салмақ дәрежесінде ересектер арасында 1 орын (классика);

✔️Акмурзаев Элдор 66 келі салмақ дәрежесінде 1 орын (классика);

✔️Расулов Мансур 83 келі салмақ дәрежесінде жастар арасында 1 орын (классика);

✔️Кувалдин Иван 59 келі салмақ дәрежесінде жастар арасында 1 орын (классика);

✔️Орынбасаров Бақдәулет +120 салмақ дәрежесінде жасөспірімдер арасында 1 орын (классика);

✔️Аманов Бунед +120 келі салмақ дәрежесінде жастар арасында 1 орын (классика);

✔️Каримова Амина 63 келі салмақ дәрежесінде қыздар арасында 1 орын (классика);

✔️Юнусалиева Ширин 69 келі салмақ дәрежесінде қыздар арасында 1 орын (экипировка);

✔️Орынбасаров Бақдәулет  +120 келі салмақ дәрежесінде жасөспірімдер арасында 1 орын (экипировка);

✔️Хан Ксения 76 келі салмақ дәрежесінде 1 орын (классика);

✔️Абдураимова Азиза 84 келі салмақ дәрежесінде 1 орын (экипировка);

✔️Шамуратов Фуркат 59 келі салмақ дәрежесінде 1 орын (экипировка);

✔️Юртанова Яна 76 келі салмақ дәрежесінде 1 орын (экипировка жастар арасында);

✔️Каримбеков Руслан 53 келі салмақ дәрежесінде 1 орын (жастар арасында);

✔️Каримова Амина 57 келі салмақ дәрежесінде қыздар  арасында 1 орын (экипировка).

Күміс жүлдеге қол жеткізген спортшыларымыз:

✔️Хан Ксения 2 орын (экипировка);

✔️Кошкаров Айдар 120+ келі салмақ дәрежесінде 2 орын (экипировка);

✔️Жарменов Тимур 66 келі салмақ дәрежесінде 2 орын (классика)

✔️Олейников Егор 93 келі салмақ дәрежесінде жасөспрімдер арасында 2 орын (классика);

✔️Якушева Вероника 63 келі дәрежесінде қыздар арасында 2 орын иеленді (классика);

✔️Нуриддинова Диана 57 келі салмақ дәрежесінде жастар арасында 2 орын (экипировка);

✔️Октамов Абдулазиз  105 келі салмақ дәрежесінде жасөспірімдер арасында 2 орынды (экипировка) иеленді.

Қола медаль жеңіп алған:

✔️Кошкаров Айдар 3 орын (классика.

Jsk ақпарат

Автор: admin