• Пн. Дек 5th, 2022

ШЫМКЕНТ: МАЯТАСТЫҢ ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

Автор:admin

Окт 2, 2022

Қазақстан 2050 стратегиясы еліміздің эконо¬микалық, әлеуметтік және саяси дамуының нақты жолдарын көрсетіп, болашақтағы негізгі мақсат-міндеттерін белгілеп берген тарихи құжат. Бұл бағдарламадағы қарастырылған мәселелер тек еліміз үшін ғана өзекті емес әлемге, планетаға ортақ көкейкесті проблемалар екені шындық. Сондай-ақ, бұл стратегияда осындай толғақты мәселелердің түйінін тарқатудың, шешімін табу¬дың жолдары көрсетілген. Инфрақұрылым барлық өндірістік үдерістің де, белгілі бір аумақтық-экономикалық білімнің де дамуын қамтамасыз ететін әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың жиынтығы ретінде ұсынылады. Инфрақұрылымды жақсартуға байланысты жобалар мемлекеттік, жеке немесе мемлекеттік-жеке серіктестіктер арқылы қаржыландырылуы мүмкін. Экономикалық тұрғыдан алғанда, инфрақұрылым көбінесе қоғамдық монополияларды қолдайтын қоғамдық өнімнің өндірісін немесе өндірістік процестерді қамтиды. Осы мақсатта Шым шаһар басшысы Мұрат Әйтенов қалаға шалғай орналасқан елді мекендердің жаңадан орнатылып жатқан ирригациялық жүйелерінің құрылыс барысын тексеріп, тұрғындармен кездесті. Соның бірі — Еңбекші аудан аумағына қарайтын Маятас тұрғын алабы. Қазіргі таңда Қ.Нысанбайұлы көшесі бойына ирригациялық науалар орнатылуда. Жалпы Еңбекші ауданы бойынша Тоғыс, Маятас, Бадам-1 тұрғын алаптары мен Шаңырақ шағын ауданында 1,6 шқ құрайтын арықтар қазылуда. Екі ай бұрын басталған жұмыс қазан айында аяқталады. Құрылыс жұмыстарының сапасы мен ауқымын межелеген қала әкімі бұған дейін берген тапсырмаларының тиянақты орындалуын талап етті. Ол: “Ауа райының қандай болатынын болжап біле алмаймыз және мол жауын-шашын жауғанда дайын болу үшін аумақтағы арыз-атыздар салынып бітуі керек”,-деді. Айтып өтейік, былтыр аудан аумағында 13 мекенжайда 3,3 шқ ирригациялық арықтар орнатылды. Ал биыл жауын-шашын шамадан тыс жауып, 52 мекенжайда су көлдеген. Су басуды алдын-алу үшін бірінші кезекте 7,3 шқ құрайтын 21 нысанға ирригациялық жүйелер салу жоспарланды. Қазірге дейін 14 мекенжайда жалпы ұзындығы 5,3 шқ болатын арықтар орнатылып, бітуге жақын. Олар: Қарабастау т.а. Бойыт ата, Қаратөбе т.а. Гулабад, Қаратөбе т.а. Наурыз, Тоғыс т.а. Керуенсарай, Бадам-1 т.а. Досметов, Ш.Уалиханов №190, Қызғалдақ,Теріскей №47, Сайрам №38а, Өркен, Б.Момышұлы, Саяжол. Қалған 31 мекенжайға ирригациялық жүйелер 2023-2025 жылдар аралығында жүргізіледі.
Jsk ақпарат