• 19 апреля, 2024 1:31 пп

ШЫМКЕНТ: ТОҒЫСТА 200 ОРЫНДЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

Автор:admin

Окт 2, 2022

Ұлт саулығы – мемлекеттің басты басымдығы. Бұл –қазақстандықтар сапалы азық-түлікті пайдалануға тиіс деген сөз. Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс.

Реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды.

Халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы – Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты.

Біз қашан да заман сынына тегеурінді іс-қимылмен төтеп беріп келеміз. Халық денсаулығы ұлт денсаулығы. Ал ұлттың қалыптасуы саналы ұрпақ пен дені сау халықтың бірлесіп атқаратын негізгі тетігі. Мемлекет халқының денінің сау болуы үшін түрлі мемлекеттік бағдарламаларды іске қосып, бүгінде тұрақты дамытып алға жетелеуде. Соның бірі Шымкент қаласының Тоғыс елдімекенінде  15 000-нан астам халыққа қызмет көрсететін «Togus-med медицина орталығы» — жеке инвестиция есебінен ашылуында.   Қазақстан 2050 стратегиясын әлеуметтік маңызы зор стратегия деп атауымыздың себебі, ең алдыменен ең­бек пен ынтымақтың арқасында толағай табысқа қол жеткізу – мемлекеттік саясаттың басым мәртебесі екендігін айқындап берді. Әлеуметтік саясаттың басты бағыттарының бірі шағын және орта бизнестің үлесін арттыру, жұмысқа орналастыру немесе жаңа мамандық игерудің жолдарын көрсетіп берді.  Нәтижесінде медициналық қызметпен қамтылатын елдімекендер — Тоғыз, Елтай, Жыланбузған, Маятас, Айнатас. Орталықтың бір ауысымдағы сиымдылығы — 200 адам. Мұнда бастапқы әлеуметтік-медициналық көмекпен бірге, (ересектер мен балаларға) ЖТД, педиатрия, акушер-гинекология, хирургия, травматология, кардиология, эндокринология, онкология, урология, гастроэнтерология, ЛОР, офтальмология, стоматология, ревматология, профпатология, неврология, дерматовенерология;

— Медициналық реабилитация және физиотерапия, емдік физкультура, массаж;

— Диагностикалық қызметтер: Рентген, флюрография, УЗИ, ЭКГ, ЭЭГ, Холтер, Спирография, Лаборотория;

— Күндізгі стационар болады.

Рентген, флюрография, УЗИ, ЭКГ, ЭЭГ, холтер, спирограф тағы да басқа заманауи аппараттармен жабдықталады.

Жаңа емханда ашылғанда алғашқы медициналық-санитарлық көмектің тиімділігі жақсарып, пациенттер уақтылы, толық және сапалы тексеру және амбулаториялық немесе күндізгі стационар жағдайында ем қабылдайтын болады.

«Медициналық орталық бұл елдімекендерге жақын орналасқан. Қалаға әуре болмай-ақ қызметтің басым бөлігін осында алуға болады.

Бұл өз кезегінде халыққа сапалы медициналық қызметтің қолжетімділігін арттырады»-деді шаhар басшысы.

Jsk ақпарат

Автор: admin