• 13 октября, 2024 11:03 дп

Шеврон: Біз Қазақстанның болашағы жарқын әлі жаңашыл болғанын қалаймыз!

Автор:admin

Сен 29, 2019

«Шеврон» компаниясының Қазақстандағы әлеуметтік инвестициялары инновацияны қолдайды

«Шеврон» компаниясы ғылыммен және жаңа цифрлық технологияларға қатысы бар жастардың жобаларын белсенді түрде қолдайды.

«Шеврон» компаниясы еліміздің екі ірі мұнай-газ кен орны – Теңіз бен Қарашығанаққа инвестиция салған ірі жеке энергетикалық компания.

Индустрия саласының көшбасшысы бола отырып, «Шеврон» Қазақстанның болашағын құратын, орта мектептерде және университеттерде оқитын жас ұрпақтың инновациялық стартаптарына қолдау көрсетуді ұйғарды. Осылайша соңғы бес жыл ішінде жүздеген жасөспірім бағдарламалау және әлеуметтік кәсіпкерлік негіздері бойынша интерактивтік оқуларға қатысып, өздерінің стартаптары мен жұмыс орындарын құрып, ғылыми конкурстар мен фестивальдарға қатысты.

Компания жаңа технологияларды, ғылымды қолдайды, жас ұрпақ үшін зияткерлік мүмкіндіктер ашады, қалалық және ауылдық мектептердің мұғалімдерін және тренерлерін оқытады. Бұл жобалардың барлығын STEAM — Science (ғылым), Technology (технология), Engineering (инженерлік іс), Art (өнер), Math (математика) сөзіне біріктіруге болады. Осы жобалардың бірнешесімен танысайық.

ITeachMe
ITeachMe инклюзивтік білім беру жобасы мүмкіндіктері шектеулі жастарды оқытуға бағытталған. Жобаға Қазақстанның барлық аймақтарынан келген азаматтар қатысты. Осы бірегей жоба мүмкіндігі шектеулі жастар мен дені сау балаларды біріктірді. Жоба басшысы Захира Бегалиеваның айтуынша, «жобаға қатысу олардың көбі үшін болашақ өмірге жол ашты. Бұл жерде олар бір-біріне көмектесуді, бәсекелесудің орнына қолдауды, топта жұмыс істеуді үйренді. Жастар ІТ технологиялар шекараларды жоятынына сене бастады».

Жоба барысында қатысушылардың біразы жұмысқа тұрып үлгерді. Жастардың бірі бағдарламалаушы болды, үшеуі ірі техникалық компанияға әкімші болып жұмысқа кірді. Сонымен қатар олар өздері Қазақстанда ІТ технологиясы бойынша 30 шара жүргізуді шешті.

Робототехника
Оқушылардың арасындағы «Robocon Games!» республикалық робототехника чемпионаты Халықаралық ақпараттық технологиялар университетімен (ХАТУ) серіктестікте жүргізіледі. Чемпионатқа қатысатын командалар саны 15-тен 30-ға дейін өсті, қатысушылардың географиясы да кеңейе түсті. Алматы қаласында басталған чемпионат республикалық деңгейге шықты.

Жарыстардың алдында дайындық мерзімі өтеді. Бес айдың ішінде Қазақстанның 30 мектебі Arduino микроконтроллерлерінің негізіне робот әзірлеумен айналысады. Оқушылар арасындағы «Robocon Games» дарынды жастарды анықтаумен қатар, Қазақстандағы робототехниканы робот құрылысының халықаралық стандартына сәйкестендіруге көмектеседі», – дейді ұйымдастырушылардың бірі, ХАТУ проректоры Медет Тұрғамбаев.

Astana Science Festival

British Council (Британ кеңесі), Назарбаев Университетімен, «Фонд науки» АҚ және OYLA ғылыми-танымдық журналымен серіктестікте ұйымдастырылған Astana Science Festival ғылыми фестивалі жастар арасында ғылым мен технологияны танытуға бағытталған.

Фестиваль аясында оқушылар арасында Science Stars ғылыми конкурсының және Қазақстанның жас ғалымдары арасындағы FameLab халықаралық конкурсының финалдары өтті. Шара қонақтары интерактивті дәрістер барысында ғылым және ғалымдар туралы қызықты фактілермен танысып, Назарбаев Университетінің зертханаларына барды, OYLA ғылыми-танымдық журналы ұйымдастырған Ашық зертхана барысында өз ғылыми білімдерін тексеру мүмкіндігіне ие болды.

«Қазіргі заманда технологиялар біздің өмірімізді қарқынды өзгертіп жатқан кезде ғылыми білім беру, халықты ғылыми жетістіктер туралы хабардар ету, адамдарды ғылымға тарту дамуды дұрыс бағыттау үшін өте маңызды. Адамдар үшін жасалатын заттар түсінікті және қолжетімді түрде жеткізілуі керек. Мен үшін FameLab конкурсының жеңімпазы болу үлкен абырой», – деді Артур Саудабаев марапаттау рәсімінде.

Girls in STEM Summer Camp
«Шеврон» демеушілік көрсететін барлық жобалардың ең белсенді қатысушылары әдетте қыздар. Олар әйелдер үшін жаңа ІТ мамандықтарын үйреніп, табысты стартап құрады.

«Шеврон» компаниясының қолдауымен «Girls in STEM Summer Camp» 13 жас пен 18 жас аралығындағы қыздар лагері жұмыс істеуде. Бұл жерге келу үшін арнайы іріктеу конкурсынан өту керек: олардың ойынша адамзат тарихындағы ең маңызды өнертабысы туралы 2 минуттық видео түсіріп, қазіргі әлемде нені өзгерткісі келетінін және оларға лагерь несімен көмектесетінін айтып берулері керек.

«Мен ғылымға, бағдарламалауға үнемі қызығатынмын, – дейді Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Наргиз Асқарбекқызы, – Бірақ мен тек мектептегі білімдеріммен шектеліп қалып жүрдім. Лагерь маған осы шектеулерден айырылуға көмектесті. Мен болашақта немен айналысқым келетінін түсінген сияқтымын».

Былтыр, 2018 жылы, жазғы лагерь қатысушылары, қыздар командасы үлкен сынып оқушылары арасындағы ҚР Ұлттық технологиялық даму агенттігі өткізетін конкурсты Паркинсон ауруына шалдыққан адамдарға арналған өздігінен тұрақтандырылатын қасықты ойлап тапқаны үшін жеңіп алды. Команда жобасын басқа 200 жобамен қатар таныстыру үшін Сингапурдағы технологиялық стартаптар конкурсына сапар сыйға тартылды.

Заңғар
Жергілікті үкіметтік органдармен, қауымдастықпен, білім беру мекемелерімен бірге компания жастарды өмірде, мансапта және қоғамда табысқа жеткізуге бағытталған Атырау қ. жастарды дамыту бастамасын іске асырады. «Заңғар» жобасы оның маңызды бөлігі болып табылады және Халықаралық жастар қорымен және Атырау облысы әкімдігімен серіктестікте іске асырылады.

Бағдарламаның басынан бастап 2015 жылы 6 000-нан астам жастар және 400 оқытушы өмірге қажетті дағдылар және STEM пәндері бойынша оқып, тренингтерден өтті, сонымен қатар фестивальдар мен конкурстарға қатысты.

FabLabAtyrau
Қазақстандағы алғашқы лицензияланған FabLab Atyrau зертханасы жобаларды дамыту және құру үшін жастарға арналып ашылған. Зертхана заманауи құралдармен және жабдықтармен, соның ішінде 3D принтерлерімен, сандық бағдарламалық басқаруы бар жону білдегімен, лазер кескіштермен, металл жону білдегімен және басқа да құралдармен жабдықталған.

«FabLabAtyrau – білімді машықтап, жұмысты іс жүзінде көруге болатын тамаша жер», – деп түсіндіреді №34 лингвистикалық гимназия түлегі Диас Өмірбеков. Ол №16 Ж. Қаражігітов атындағы лицей түлегі Бек Қалиевпен бірге электр мүгедек арбасын жобасын жасап құрастырды.

Осы жылдар бойы бірнеше тамаша жоба іске асырылды, соның ішінде көздерінің көруі және естуі нашарлаған адамдарға түсті және дыбысты анықтайтын құрылғы, қауіпті ортаны зерттеуге арналған қашықтан басқарылатын робот, және тағы басқа жобалар бар.

«Бұл біздің Қазақстанда іске асырып жатқан жобаларымыздың біразы ғана, – дейді «Шеврон» компаниясының жұртшылықпен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Жанар Қошпанова. – Біз STEAM-ді халыққа кеңінен таратуға күш салу үшін ҚР Білім және ғылым министрлігімен, еліміздің жетекші университеттерімен ынтымақтасамыз, новаторларды және бастамашылдар топтарын қолдаймыз. Біз Қазақстанның болашағы жарқын әлі жаңашыл болғанын қалаймыз».

Автор: admin