• 24 апреля, 2024 11:17 пп

Түркістанда «Жайдарманның облыстық деңгейдегі ойындары өтуде

Автор:admin

Окт 17, 2019

Жайдарман – жастардың алаңы. Түркістан қаласы – облыс орталығы дәрежесіне ие болғаннан бастап, енді “Жайдарманның облыстық деңгейдегі ойындары” рухани астанамыз – Түркістан қаласында өткізілетін болады. Жастардың сүйікті бағдарламасына айналған Жайдарманның биылғы маусымы – Түркістан қаласындағы облыстық «Жастар ресурстық» орталығының үлкен залында, ерек дайындықпен жоғары дәрежеде өтті. «Маусымашар – 2019» фестиваліне облыстың барлық аудан-қаласынан жас жайдарманшылар қатысуға ниет білдіріп сақадай сайланып келді. Жастар жылында жас командалар мен жаңа бағыттардың осы маусымда орын алатыны анық болатын. Маусымға «Түркістан – жастардың көзімен» тақырыбы берілген соң, жайдарман ойыншылары тағыда тың бір тапқырлық танытты. Әдеттегідей үлкен ойындарға дайындық барысында редакторлық жұмыстар өткізілді. Жаңа маусымға қатысты, жаңа көзқарастар қалыптастыру басты нысанаға алынып, 14 команда ең қызық, ең тапқыр ойындардың шымылдығын түрді. Жайдарманның осы маусымдағы жаңалығы жайдарманшылар мен көрермендердің облыс орталығында, жаңа Түркістанның төрінде бас қосуы екендігінде. Себебі, Жайдарман да облыс орталығындағы ойын ретінде бұдан былай үлкен мәртебеге ие болмақ.

Автор: admin