• 29 марта, 2024 10:50 дп

ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛУ РӘСІМІ

Автор:admin

Авг 23, 2019

Қазақстан Республикасында электрмен жабдықтаужүйесіне қосылу бойынша қазақстандық бизнестің жағдайын жақсартатын маңызды реформалар жүзеге асырылған. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпанындағы № 143 Электр энергисиясын пайдалану қағидаларына (бұдан әрі — Қағидалар) сәйкес, электрмен жабдықтау желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды беру мерзімі қысқартылды. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу қажеттігі алынып тасталды. Енді жобалаушыға сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жұмыстардың басталуы жөнінде электрондық нысанда хабарлама жіберуі жеткілікті. Сонымен қатар, электр желілеріне қосылуға мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау органынан рұқсат алу қажеттігі алынып тасталды. Энергиямен жабдықтаушы ұйыммен электрмен жабдықтауға арналған шартты жасасудың апталық мерзімі үш күнге дейін қысқартылған.

Осыған орай, құқықтүсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ-сі (бұдан әрі — департамент) электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу тәртібін түсіндіреді.

Энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың, тұтынушылардың Қазақстан Республикасының аумағында электр энергиясын қолдану тәртібін жоғарыда аталған Кағидалар айқындайтындығын атап өтеміз.

Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым электр желісіне рұқсат алу үшін көп пәтерлі құрылыстарда тұратын тұтынушыларды қоспағанда әрбір тұтынушыға техникалық шарттар береді.

Қағидалардың 12 тармағына сәйкес энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым қосылу үшін техникалық шарттарды мынадай жағдайларда:

· энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның электр желілеріне жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосқанда;

· тұтынылатын электр қуаты бұрын берілген техникалық шарттарда белгіленген қуаттан артқанда;

· электрмен сырттай жабдықтау схемасы өзгергенде;

· тұтынушының электр энергиясы қабылдағыштарын электрменжабдықтау сенімділігінің санаты өзгергенде береді.

Тұтынушыға электр желілеріне қосылу үшін техникалық шарттар осы Қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім негізінде беріледі.

Қағидалардың 13 тармағына сәйкес: «Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан өтінім алғаннан кейін төмендегі мерзімде жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар береді:

· қуаты 200 килоВатт (бұдан әрі — кВт) дейінгі электр қондырғыларына — 5 жұмыс күнінің ішінде;

· қуаты 200 кВт — 1000 кВт аралығындағы электр қондырғыларына — 10 жұмыс күнінің ішінде;

· қуаты 1000 кВт жоғары электр қондырғыларына — 15 жұмыс күнінің ішінде».

Салынып жатқан объектілерді электрмен жабдықтау үшін тұтынушыға құрылыс кезінде уақытша техникалық шарттар беріледі.

Техникалық шарттар энергия беруші ұйымның электрлік желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына қосылуға техникалық мүмкіндігі болған жағдайда беріледі.

Техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу үшін төлем алынбайды.

Қағидалардың 17 тармағында тұтынушыны энергия беруші ұйымның электр желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына жалғауға берілетін техникалық шарттардыңмәтініндегі талаптар көрсетіледі.

Электр желілеріне қосылу үшінөтінім берген тұтынушыларға Қағидалардың 17 тармағында көрсетілген талаптарға қосымша талап қою заңсыз екендігін атап өтеміз.

Тұтынушылардың электр қондырғыларының құрылысына, реконструкциясына немесе жаңғыртылуына арналған жобалау құжаттамасы құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғанға дейін техникалық шарттарды берген энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйыммен келісіледі.

Электр қондырғыларының жобалық шешімдері берілген техникалық шарттарға сәйкестігі мәніне төмендегі мерзімде келісіледі:

· қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларына — 3 жұмыс күнінің ішінде;

· қуаты 200 кВт — 1000 кВт аралығындағы электр қондырғыларына — 7 жұмыс күнінің ішінде;

· қуаты 1000 кВт жоғары электр қондырғыларына — 12 жұмыс күнінің ішінде.

Техникалық шарттардан ауытқу анықталған жағдайда, техникалық шарттарды берген ұйым жобалық құжаттаманы дәлелденген негіздемесін қоса тұтынушыға пысықтау үшін қайтарады.

Қажеттілігі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының (бұдан әрі — Заң) талаптарымен белгіленген жағдайларды қоспағандатұтынушылар (жеке тұлғалар) үшін энергия беруші ұйымға кернеу жіберу туралы өтініш беру кезінде электр қондырғыларға жобалық құжаттамасы талап етілмейтіндігін атап өтеміз (инженерлiк инфрақұрылымның объектілерін салу, жобалау, реконструкциялау,

сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметiне қатысты жұмыстар (қызмет көрсету) кезінде).

Осыған орай, энергия беруші ұйыммен тұтынушыға (жеке тұлғаға)жобалық құжаттамасы болмаған жағдайда кернеу жіберуден бас тартузаңсыз, егер оның міндетті түрде болуы Заңмен көзделмеген болса.

Тұтынушы энергетикалық сараптаманың техникалық шарттарда көрсетілген талаптарының дәйексіздігі туралы қорытындысы негізінде техникалық шарттар алу үшін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайтадан өтінім береді.

Тұтынушы анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым электр қондырғыларын үнемі пайдалану үшін өзінің электр желілеріне қосады.

Энергия беруші ұйым тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалануға қосу барысында төмендегі мерзімде кернеу жібереді:

· энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым сырттай қосылу және электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пайдалануға беру туралы қорытындымен, тұтынушы электр қондырғыларын қосуға материалдар ұсынғаннан кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде тексеріп байқайды;

· энергиямен жабдықтаушы ұйым энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымды электрмен жабдықтау шартынжасасу туралы 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде хабарлайды;

· энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым электрмен жабдықтау шартына қол қойылған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде тұтынушының электр қондырғыларына кернеу жібереді.

Тұтынушыға электр энергиясын қосу және жіберу тек коммерциялық есепке алу жүйесі болған кезде ғана жүзеге асырылады.

Энергиямен жабдықтаушы ұйымның тұтынушымен энергиямен жабдықтау жеке шартын жасасудан бас тартуы үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 172 бабының 6 тармағыменәкімшілік жауаптылық көзделген.

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрлігінің

Атомдық және энергетикалық

қадағалау мен бақылау

комитетінің Түркістан облысы

бойынша аумақтық

департаментінің

бөлім басшысы Абдыханов Динмухаммед Сермаганбетулы

Автор: admin