• Чт. Дек 1st, 2022

САЙЛАУ ХАЛЫҚТЫҢ БИЛІККЕ ДЕГЕН СЕНІМІН АРТТЫРАДЫ

Автор:admin

Ноя 2, 2022

 

Өздеріңізге белгілі, кезектен тыс Президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді. Сайлауға қатысу – бәрімізге азаматтық міндет.

Бұл сайлау әрбір қазақстандыққа үлкен жауапкершілік, азаматтық борыш жүктейді. Қазіргі таңда әлемдік картада геосаяси жағдайлар ушығып тұр. Кейбір елдерге тұрақтылық пен бейбітшіліктің өзі арман екені рас. Біз осы тұрақты қалпымызды сақтап, өз таңдауымызды жасай отырып алдағы сайлауды бірлікпен өткізіп алуымыз керек. Бұл жеке өзіміз үшін де, мемлекетіміз үшін де маңызды.

Президент сайлауы әр жанұяға, әр азаматқа келешекке нық қадам жасауға, өз болашағын анықтауда мүмкіндік, бағыт, бағдар береді. Сондықтан сайлауға бір кісідей қатысып, азаматтық борышымызды өтегеніміз абзал.

Гүлжанат ДҮЙСЕНБАЕВА,
Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығының директоры