• 25 апреля, 2024 9:18 дп

Шымкент қалалық қоғамдық кеңес мүшелері мегаполистегі кәсіпорындарды аралады. Қоғам қайраткерлері «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы «Әлем-БТ» кәсіпорнында еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы басым бағыттар туралы пікір алмасты.
– Қазақ халқында «Сананы тұрмыс билейді» деген сөз бар. Мемлекет басшысы Жолдауында осы мәселені көтеріп, экономикаға баса назар аударды. Ел экономикасын дамытуға Жолдаудың тұтас бір тарауы арналды. Сөздің тоқетеріне келсек, шағын және орта бизнеске қолдаудың маңызды екенін, оның ішінде банктер секілді қаржы институттары да жұмыс істеп, қолдау көрсетулері тиіс. Қазақстандағы кәсіпорындар елді өз өнімдерімен қамтамасыз ететіндей жағдай жасалуы керек. Біздің де ойымызша, банктер қаржыны төмен пайызбен кәсіпкерлерге берсе, бизнеске де, тиісінше, елге де пайда болар еді. Президент Жолдауының едәуір бір бөлігі саяси өзгерістерге, оның ішінде Президент және парламент сайлауына арналды. Ал парламент дегеніміз – елге қажет заң шығаратын орган. Сол парламент сайлауы келесі жылы өтеді деп күтілуде, – деді қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметұлы. Қоғамдық кеңес мүшелері кәсіпорын басшыларымен де сөйлесіп, жұмысшыларға жасалған жағдай, компанияның экономикалық саясаты туралы әңгімелесті. Қазақстан 2050 стратегиясындағы алды¬мызға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін, билік басындағылардан бастап қатардағы аза¬маттарға дейін еліміздегі әлеуметтік әділет¬ті¬лік пен әлеуметтік қамтамасыз етуге деген көзқарасымызды өзгертуге тиіспіз. Бүгінгі таңда кез келген мемлекеттің абыройы мен бе¬делі халқының әлеуметтік жағдайымен өлшенетіні белгілі. Осы ел тұрғындарының назарына ұсынылған ауыл-аймақтардың әкімдерін сайлау сияқты азаматтық қоғам¬ды дамыту істерінің маңызы зор. Елбасы басты назарда ұстап отырған ауыл-шаруа¬шылығының өркендеуіне қолдау көр¬сету, егістік алаңын ұлғайту, әлемдік дең¬гейдегі мал¬шаруашылығы қалыптарына (стан¬дарт¬тарына) сәйкес жем-шөп базасын құру, эко¬логиялық таза өндіріс саласын дамыту мә¬селелерін де орынды көтерген. Сонымен қатар, жер өңдеу мәдениетін өзгерту, ауыл еңбеккерлерінің жаңа буынын қалыптастыру, жаңа ғасырдың әлемдік нарығының сұра¬нысына лайықты агроөнеркәсіп кеше¬нін да¬мыту сияқты жолдауда көтерілген өзекті жобалардың маңыздылығы жоғары шынымен ел шырайын келтіріп ауылдың гүлденуіне тірек болатын болашағы зор жобалар. Айта кетейік, «Әлем-БТ» шұлық фабрикасы Шымкенттегі ғана емес, еліміздегі ең ірі кәсіпорындардың біріне жатады. Жетекшілерінің мәліметінше, өнімнің 95 пайызы экспортқа шығарылады.
Jsk ақпарат

Автор: admin